⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлеттiктерi  Концессиялар туралы Заңы

13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлеттiктерi  Концессиялар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлеттiктерi  Концессиялар туралы Заңы 

       Ескерту. 13-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде: 

      1) алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      2) концессия шартын жасасу кезінде тиісті өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты ұсыныстар енгізеді; 

      3) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзедi; 

      3-1) осы баптың 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындайды; 

      3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшеріне дейінгіні құраған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар атынан: 

      конкурстық (аукциондық) құжаттама бойынша, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде; 

      концессионер таңдау жөніндегі конкурс (аукцион) өткізілген кезде конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдер бойынша; 

      концессия шарттарының жобалары бойынша, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қорытындылар дайындайды. 

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартады; 

      3-3) егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшеріне дейінгіні құраған жағдайда, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арқылы коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша келiседi; 

      4) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияны құрады және ол туралы ереженi бекiтедi; 

      5) коммуналдық меншiкке жататын және тiзбеде көзделген концессия объектiлерiне қатысты конкурстың (аукционның) ұйымдастырушылары болады; 

      6) комиссияның шешiмi негiзiнде коммуналдық меншiкке жататын және тiзбеде көзделген концессия объектiлерi бойынша концессия шартын жасасады; 

      7) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарының мониторингін, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және мониторинг пен бақылау нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді; 

      8) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды; 

      9) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты (аукционды) өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады; 

      10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы. 

           Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы