⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент иесi Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы

13-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент иесi Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент иесi Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы  

      Патент:  

      1) селекциялық жетiстiк авторына (авторларына); 

      2) оның мұрагерiне (мұрагерлерiне); 

      3) автор (авторлар) немесе оның (олардың) құқықтық мирасқорлары Селекциялық жетiстiкке патент беру туралы шешiм қабылданған кезге дейiн селекциялық жетiстiкке жасаған өтiнiмiнде не сараптама ұйымына берген өтiнiшiнде көрсетiлген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (олардың келiсiмi болған кезде); 

      4) егер селекциялық жетiстiктi қызметкер қызметтік тапсырманы немесе қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаса, ашса немесе шығарса, жұмыс берушiге берiледi. 

      Атына патент беру сұралып отырған бiрнеше адам болған жағдайда, оларға бiр патент берiледi.  

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. № 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы