13-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент иесi Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы
Патент:
1) селекциялық жетiстiк авторына (авторларына);
2) оның мұрагерiне (мұрагерлерiне);
3) автор (авторлар) немесе оның (олардың) құқықтық мирасқорлары Селекциялық жетiстiкке патент беру туралы шешiм қабылданған кезге дейiн селекциялық жетiстiкке жасаған өтiнiмiнде не сараптама ұйымына берген өтiнiшiнде көрсетiлген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (олардың келiсiмi болған кезде);
4) егер селекциялық жетiстiктi қызметкер қызметтік тапсырманы немесе қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаса, ашса немесе шығарса, жұмыс берушiге берiледi.
Атына патент беру сұралып отырған бiрнеше адам болған жағдайда, оларға бiр патент берiледi.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы