14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi , бағалы қағаздарды және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді жарнамалау ерекшелiктерi Жарнама туралы Заңы
Ескерту. 14-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Жеке және заңды тұлғалардың ақшасын пайдалануға байланысты қаржы (оның iшiнде, банктiк), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетiлетiн қызметтерге, бағалы қағаздарға, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерге жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде:
1) жарнамаланатын қызметтер көрсетуге, бағалы қағаздарға немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтерге тiкелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтiруге;
2) жай акциялар бойынша кiрiс алуға және дивидендтер мөлшерiне немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтер бойынша кіріс алуға кепiлдiк беруге;
3) бағалы қағаздарды эмиссиясы тiркелмеген, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясы тоқтатыла тұрған немесе жасалмады деп танылған кезде жарнамалауға;
4) қызметтiң болашақтағы тиiмдiлiгі (кiрiстiлiгi) туралы, соның iшiнде бағалы қағаздардың немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтердің бағамдық құнының өсуiн жариялау арқылы кез келген кепiлдiктер немесе ұсыныстар беруге;
5) жарнамада айтылған, шарттардың елеулi талаптарының кез келгенiн жасырып қалуға;
6) басқа жеке тұлғаларды белгiлi бiр кәсiпорынның қызметiне немесе сол кәсiпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебiнен жеке тұлғаларды өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жарнамалауға;
7) сот үлескерлер ақшасын тартуға рұқсаттан айырғаннан кейін тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) жарнамалауға тыйым салынады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 181 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгізілді) 2007.06.19 № 264, 2009.07.11 № 183 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) ; 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы