14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi , бағалы қағаздарды және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді жарнамалау ерекшелiктерi Жарнама туралы Заңы
Жеке және заңды тұлғалардың ақшасын пайдалануға байланысты қаржы (оның iшiнде, банктiк), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетiлетiн қызметтерге, бағалы қағаздарға, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерге жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде:
1) жарнамаланатын қызметтер көрсетуге, бағалы қағаздарға немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтерге тiкелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтiруге;
2) жай акциялар бойынша кiрiс алуға және дивидендтер мөлшерiне немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтер бойынша кіріс алуға кепiлдiк беруге;
3) бағалы қағаздарды эмиссиясы тiркелмеген, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясы тоқтатыла тұрған немесе жасалмады деп танылған кезде жарнамалауға;
4) қызметтiң болашақтағы тиiмдiлiгі (кiрiстiлiгi) туралы, соның iшiнде бағалы қағаздардың немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтердің бағамдық құнының өсуiн жариялау арқылы кез келген кепiлдiктер немесе ұсыныстар беруге;
5) жарнамада айтылған, шарттардың елеулi талаптарының кез келгенiн жасырып қалуға;
6) басқа жеке тұлғаларды белгiлi бiр кәсiпорынның қызметiне немесе сол кәсiпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебiнен жеке тұлғаларды өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жарнамалауға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 7) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсатсыз немесе "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартсыз жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тартуға бағытталған, сондай-ақ тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген құрылыс жобасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерді және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешендерін жарнамалауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы