Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Уәкілетті органның құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының

14-бап. Уәкілетті органның құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Уәкілетті органның құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының  

      Ескерту. 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Орталық уәкілетті органның құзыретіне: 

      1) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру; 

      1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 

      1-2) жер қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру; 

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу; 

      2-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      2-2) жерді резервте қалдыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      2-3) жер комиссиясы туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту; 

      2-4) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын әзірлеу және бекіту; 

      2-5) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      2-6) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      2-7) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту; 

      2-8) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын әзірлеу және бекіту; 

      2-9) жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға берудің) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту; 

      2-10) жер учаскесін сатып алудың-сатудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту; 

      2-11) мемлекеттік бақылау субъектісіне берілетін, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысанын әзірлеу және бекіту; 

      3) алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 
 

      4) жерге орналастыру, мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингі жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлеу және бекiту; 

      4-1) әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      4-2) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      4-3) шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      4-4) Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 

      4-5) жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 

      4-6) жерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 

      4-7) электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту; 

      4-8) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту; 

      4-9) цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 

      4-10) жерге орналастыру, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 масштабтарында цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау үшін аэрофотосуреттер шифрын ашу жөніндегі әдістеме мен шартты белгілерді әзірлеу және бекіту; 

      4-11) электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 

      4-12) топырақты бонитирлеуді жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту; 

      4-13) электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 

      4-14) жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      5) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу; 

      6) орталық және жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; 

      7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту; 

      7-1) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 
 

      7-2) өтініштің, келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер учаскесін бөліп беру схемасының және жер-кадастрлық жоспардың нысандарын әзірлеу және бекіту; 

      7-3) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын келісу; 

      8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу; 

      9) жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру; 

      10) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансының деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер балансын жасау; 

      11) өз құзыретіне кіретін жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындау; 

      12) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

      12-1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; 

      12-3) мемлекеттік жер кадастрын және жерге мониторинг жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

      13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 
      13-1) алып тасталды – ҚР 13.05.2021 № 39-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 
 

      13-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келісу; 

      14) алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      15) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 

      15-1) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу; 

      15-2) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап арыз дайындау және беру; 

      15-3) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою; 

      15-4) егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру; 

      16) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 
 

      16-1) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту; 

      16-2) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын қоспағанда, жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту; 

      16-3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу тәртібін бекіту; 

      16-4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту; 

      16-5) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту; 

      16-6) жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      16-7) жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үлгілік тізбесін бекіту; 

      17) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 

      2. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
 

      3. Орталық уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін орталық уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады. 

      4. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.06 № 279, 2007.07.21 № 297 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.20 № 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2018 № 151-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2021 № 39-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Жер кодексі Орман кодексі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы орган...

Толық оқу »

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу са...

Толық оқу »

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу са...

Толық оқу »

16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының

16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Облыстың жергілікті атқа...

Толық оқу »

15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi...

Толық оқу »

14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының

14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республи...

Толық оқу »

5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасы жер заңнамасының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайда...

Толық оқу »

13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi...

Толық оқу »

12-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Жер кодексі Қазақстан Республикасының

12-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:       1) "Азаматтарға ар...

Толық оқу »

1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры Жер кодексі Қазақстан Республикасының

1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөл...

Толық оқу »

2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Жердi осы Кодекстiң 1-бабында аталған санаттарға жатқызу...

Толық оқу »

4-бап. Жер заңдарының принциптерi  Земельного кодекса Республики Казахстан

4-бап. Жер заңдарының принциптерi Земельного кодекса Республики Казахстан       Қазақстан Республикасының жер заңдары:       1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы,...

Толық оқу »

11-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

11-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Аудандық маңызы бар қалалардағы, кенттер м...

Толық оқу »

10-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны Жер кодексі Қазақстан Республикасының

10-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Ауыл шаруашылығы мақ...

Толық оқу »