Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 151-бап. Жерге орналастыру процесi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

151-бап. Жерге орналастыру процесi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

151-бап. Жерге орналастыру процесi Жер кодексі Қазақстан Республикасының  

      1. Жерге орналастыру процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:  

      жерге орналастыру iсiн жүргiзудi бастау;  

       дайындық жұмыстары;  

      жерге орналастыру болжамдарын, схемалары мен жобаларын әзiрлеу; 

       жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келiсу және бекiту;  

       жерге орналастыру жобасын орындау.  

      2. Жерге орналастыруды жүргiзу бойынша тапсырыс берушi, жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеушi, жерге орналастыруды жүргiзу кезiнде құқықтары мен заңды мүдделерi көзделуi мүмкiн үшiншi тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамасы келiсiлетiн және оны бекiтетiн мемлекеттiк органдар мен басқа да тұлғалар жерге орналастыру процесiне қатысушылар болып табылады.  

      3. Жерге орналастыру процесiне қатысушылардың:  

      1) жерге орналастыруды жүргiзу жөнiндегi тапсырыс берушiнiң:  

      жеке өзi немесе өкiлi арқылы жерге орналастыру процесiнiң барлық сатысында қатысуға;  

       жерге орналастыру iсiнiң материалдарымен танысуға;  

       өз ұсыныстарын қарауға енгiзуге;  

       жерге орналастыру процесiнде туындаған келiспеушiлiктердi шешуге қатысуға құқығы бар;  

      2) әзiрлеушiнiң (жобалау және iздестiру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның):  

      мемлекеттiк органдардан жерге орналастыру жөнiнде қажеттi ақпарат алуға;  

       тапсырыс берушiлермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға;  

       жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру барысына қандай да бiр ерекше рұқсатсыз бақылау жасауға, жергiлiктi атқарушы органдарды оның нәтижелерi туралы хабардар етуге және жердi пайдалану мен қорғау iс-тәжiрибесiн жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзуге;  

       жерге орналастырудың ескiрген схемалары мен жобаларын жетiлдiру немесе қайта өңдеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;  

      3) жерге орналастыру кезiнде құқықтары мен заңды мүдделерi көзделуi мүмкін үшінші тұлғалардың:  

      жерге орналастыру мәселелерi талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелерi туралы өз мүдделерiн көздейтiн ақпарат алуға;  

       жерге орналастыру процесiнде өздерiнiң мүдделерiн қозғайтын заңсыз әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға құқығы бар.  

      4. Жерге орналастыру процесiне қатысушылардың мiндеттерi:  

      1) жерге орналастыру процесiнiң барлық қатысушылары:  

      Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға;  

       жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк органдар талаптарын орындауға;  

       жерге орналастыру процесiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндетті;  

      2) жобалау құжаттамасы келiсiлетiн және оны бекiтетiн атқарушы органдар оны бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi;  

      3) жерге орналастыруды жүргiзу жөнiнде тапсырыс берушi:  

      жерге орналастыруды жүргiзу мақсатын, мiндеттерiн, мазмұнын, ерекше жағдайлары мен мерзiмдерiн анықтауға;  

       қажеттi материалдар мен құжаттарды беруге;  

       жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға;  

       орындалған жұмыстарды бiр ай iшiнде қабылдауға немесе дәлелдi түрде бас тартуға мiндеттi;  

      4) жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеушi:  

      барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдiстемелiк нұсқауларға, сондай-ақ шартқа сәйкес орындауға;  

       зерттеу, iздестiру және өзге де жұмыстар топырақтың құнарлы қабатын бүлдiре отырып жүргiзiлген жер учаскелерiнiң жай-күйiн бастапқы қалпына келтiруге;  

      жерге орналастыру құжаттамасында көзделген iс-шаралардың дұрыстығы, сапасы мен экологиялық қауiпсiздiгi үшiн жауап беруге мiндеттi. 

      Ескерту. 151-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
         

 

Жер кодексі Орман кодексі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры Жер кодексі Қазақстан Республикасының

1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөл...

Толық оқу »

2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Жердi осы Кодекстiң 1-бабында аталған санаттарға жатқызу...

Толық оқу »

4-бап. Жер заңдарының принциптерi  Земельного кодекса Республики Казахстан

4-бап. Жер заңдарының принциптерi Земельного кодекса Республики Казахстан       Қазақстан Республикасының жер заңдары:       1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы,...

Толық оқу »

10-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны Жер кодексі Қазақстан Республикасының

10-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Ауыл шаруашылығы мақ...

Толық оқу »

11-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

11-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Аудандық маңызы бар қалалардағы, кенттер м...

Толық оқу »

12-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Жер кодексі Қазақстан Республикасының

12-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:       1) "Азаматтарға ар...

Толық оқу »

13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi...

Толық оқу »

5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасы жер заңнамасының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайда...

Толық оқу »

14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының

14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республи...

Толық оқу »

16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының

16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Облыстың жергілікті атқа...

Толық оқу »

15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi...

Толық оқу »

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу са...

Толық оқу »

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу са...

Толық оқу »

18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті  Жер кодексі Қазақстан Республикасының

18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті Жер кодексі Қазақстан Республикасының       Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы орган...

Толық оқу »