⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 146-бап. Үйқамақ ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

146-бап. Үйқамақ ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

146-бап. Үйқамақ ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстамай, бірақ осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен судья белгілеген шектеулер қолданыла отырып, оларды қоғамнан оқшаулауды білдіреді.

      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9 нормативтік қаулысын қараңыз.

      2. Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты үйқамақ қолданылған кезде бір немесе бірнеше шектеу:

      1) тұрғынжайдан барлық уақытта немесе белгілі бір уақытта шығуға тыйым салу;

      2) осы бөліктің 5) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, телефонмен сөйлесуге, хат-хабар жөнелтуге және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салу;

      3) белгілі бір адамдармен араласуға және кімді болса да үйінде қабылдауға тыйым салу;

      4) электрондық бақылау құралдарын қолдану және осы құралдарды өзімен бірге алып жүру міндетін жүктеу;

      5) бақылау мақсатындағы телефон қоңырауларына немесе өзге де бақылау сигналдарына жауап беру, анықтау органына немесе күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын басқа да органға телефон шалу немесе оларға белгілі бір уақытта жеке өзінің келу міндеттерін жүктеу;

      6) күдіктіге, айыпталушыға немесе олардың тұрғынжайына байқау орнату, сондай-ақ олардың тұрғынжайына немесе оларға тұрғынжай ретінде бөліп берілген үй-жайға күзет қою;

      7) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын және қоғамнан оқшаулануын қамтамасыз ететін басқа да шаралар қолданылуы мүмкін.

      Қажет болған кезде күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын қадағалау орнатылады.

      Қамақтағы адамның тұрғынжайдан шығуына белгіленген шектеулерді сақтауын қадағалауды жүзеге асырған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган тәуліктің кез келген уақытында оның тұрғылықты жерінде болуын тексеруге құқылы. Тексеру күндізгі уақытта екі реттен артық және түнгі уақытта бір реттен артық жүргізілмейді. Лауазымды адамның қамақтағы адамның тұрғынжайында болуына осы адамның және онымен бірге тұратын адамдардың келісімімен жол беріледі және ол отыз минуттан аспауға тиіс.

      3. Соттың үйқамақ туралы қаулысында күдіктіге, айыпталушыға қолданылатын нақты шектеулер белгіленеді, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асыратын орган немесе лауазымды адам көрсетiледi.

      4. Үйқамақтың мерзiмi, оны ұзарту тәртiбi осы Кодекстiң 151 және 547 – 551-1-баптарында белгiленген қағидаларда айқындалады.

      5. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау тәртібі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен айқындалады.

      Ескерту. 146-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 137. Неисполнение обязанностей по воспитанию несовершеннолетнего УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 137. Неисполнение обязанностей по воспитанию несовершеннолетнего УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Неисполнение или ненадлежащее исполнение...

Толық оқу »

137-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз әрекет  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

137-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз әрекет ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиеші...

Толық оқу »

137-бап. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

137-бап. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Мыналар: 1) ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы тура...

Толық оқу »

138-бап. Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

138-бап. Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бұлтарпау ш...

Толық оқу »

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабы екінші бөлігінің жекелеген ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 9 нормативтік қаулысы

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабы екінші бөлігінің жекелеген ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкест...

Толық оқу »