⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Күзетпен ұстауды санкциялау құқығы – тергеу судьясына, ал осы Кодекстің 107-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі.

      2. Тергеу судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап сегіз сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде, осы Кодекстің 56-бабында айқындалған тәртіпті сақтай отырып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты прокурордың, күдіктінің, айыпталушының, оның қорғаушысының қатысуымен қарайды.

      Тергеу судьясы қорғаушыны түскен материалдармен таныстырады.

      Сот отырысына заңды өкіл мен өкіл де қатысуға құқылы, сот отырысының орны мен уақыты туралы сот оларға уақтылы хабарлаған жағдайда, олардың келмеуі сот отырысын өткізуге кедергі болмайды.

      Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.

      3. Күзетпен ұстауға санкция беруге байланысты мәселелерді шешкен кезде тергеу судьясы көрсетілген бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты іс материалдарын зерттеумен қатар, адамға қылмыс жасады деп күдік келтірудің негізділігін тексереді.

      Қажет болған жағдайда судья қылмыстық істі талап етіп алдыруға құқылы.

      4. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты күдіктінің, айыпталушының қатысуынсыз қарауына күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жарияланған немесе олар Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған және сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған кезде қылмыстық процесті жүргізетін органға келуден жалтарған жағдайларда ғана жол беріледі. Ұстап алынған жағдайда күдікті, айыпталушы таңдалған бұлтартпау шарасын қолданудың негізділігін қарау үшін тергеу судьясына жеткізіледі.

      5. Тергеу судьясы отырыстың басында қандай өтінішхаттың қаралуға жататынын хабарлайды, сот отырысына келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан кейін прокурор күдіктіні күзетпен ұстауды бұлтартпау шарасы ретінде таңдаудың қажеттігін негіздейді, содан соң күдікті, айыпталушы және сот отырысына келген басқа да тұлғалар тыңдалады.

      Прокурордың осы өтінішхатын қарау барысында күдікті, айыпталушы, сондай-ақ олардың мүддесінде қорғаушы осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.

      6. Тергеу судьясы үйқамақты, кепілді қолдануды санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарған жағдайда, прокурор осы Кодекстің 107-бабында белгіленген қағидалар бойынша оған өтінішхат келтіруге құқылы.

      7. Тергеу судьясы күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша мынадай:

      1) күзетпен ұстауға санкция беру туралы;

      2) екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру үшін жеткілікті негіздер болмаған жағдайда, он тәулікке дейінгі мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру туралы;

      3) күзетпен ұстауға санкция беруден бас тарту туралы қаулылардың бірін шығарады. Тергеу судьясы осы бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартқан жағдайда, осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.

      7-1. Тергеу судьясы күзетпен ұстауды санкциялау туралы қаулыда осы бұлтартпау шарасын таңдау себептерін және қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолданудың мүмкін еместігін көрсетуге міндетті.

      8. Тергеу судьясы, аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулы шығарған кезде осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделгеннен басқа жағдайларда, күдіктінің, айыпталушының осы Кодекстің 140-бабының үшінші бөлігінде көзделген міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын кепіл мөлшерін айқындауға міндетті.

      Тергеу судьясының, соттың қаулысында кепіл енгізілген жағдайда күдіктіге, айыпталушыға осы Кодекстің 140-бабында көзделген міндеттердің қайсысы жүктелетіні, оларды орындамаудың салдары, кепіл мөлшерін таңдаудың негізділігі, сондай-ақ оны қолдану мүмкіндігі көрсетіледі.

      Күдікті, айыпталушы не басқа тұлға кепілді кез келген уақытта тергеу судьясының, соттың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысында белгіленген мөлшерде енгізуге құқылы.

      9. Тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде мынадай:

      1) адамға жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;

      2) адамға қылмыстық топтың құрамында қылмыс; террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14511 және 17-тарауларында көзделген аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған аса ауыр қылмыстар, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған аса ауыр әскери қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;

      3) күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған;

      4) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекетті жалғастыруы туралы деректер болған;

      5) күдікті, айыпталушы тергеп-тексеріліп жатқан қылмыстық іс бойынша бұрын таңдалған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзған жағдайларда, кепіл белгіленбейді.

      10. Өзіне қатысты тергеу судьясының қаулысы шығарылған адамға сол қаулы дереу табыс етіледі, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, жәбірленушіге және күдікті, айыпталушы отырған күзетпен ұстау орны мекемесінің бастығына жіберіледі және дереу орындалуға жатады.

      11. Күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      12. Күзетпен ұстауды санкциялаудан бас тарту туралы қаулының күші жойылған жағдайда, облыстық немесе оған теңестірілген соттың күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды санкциялау туралы мәселені қарауы осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. Тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарғаннан кейін күзетпен ұстау қажеттігін негіздейтін жаңа мән-жайлар туындаған кезде ғана сотқа нақ сол қылмыстық іс бойынша нақ сол адамға қатысты көрсетілген бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатпен қайтадан жүгінуге болады.

      14. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстаудың қолданылатыны туралы осы Кодекстің 135-бабында белгіленген тәртіппен – күдіктінің туыстарын, ал ол шетелдікке қатысты қолданылған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы осы мемлекеттің елшілігін, консулдығын немесе өзге өкілдігін де хабардар етуге міндетті.

      Ескерту. 148-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 448. Общие условия обжалования, опротестования  приговоров, постановлений суда в кассационном порядке Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 448. Общие условия обжалования, опротестования приговоров, постановлений суда в кассационном порядкеУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан...

Толық оқу »

34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот iсiн жүрг...

Толық оқу »

56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттарыҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін осы К...

Толық оқу »

645-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

645-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейiн төр...

Толық оқу »

Комментарий к статье 645. Общие условия участия присяжных заседателей в судебном разбирательстве Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 645. Общие условия участия присяжных заседателей в судебном разбирательствеУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан По завершении образова...

Толық оқу »

152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1....

Толық оқу »

17-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою) ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

17-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою) ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Прокурор,...

Толық оқу »

Комментарий к статье 217. Особенности допроса следственным судьей потерпевшего, свидетеля (депонирование показаний) Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 217. Особенности допроса следственным судьей потерпевшего,свидетеля (депонирование показаний)Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Пр...

Толық оқу »

Комментарий к статье 168. Насильственный захват или насильственное удержание власти либо осуществление представителями иностранного государства или  иностранной рганизации полномочий, входящих в компетенцию уполномоченных органов и должностных лиц Республики Казахстан УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 168. Насильственный захват или насильственное удержание власти либо осуществлениепредставителями иностранного государства илииностранной рганизации полном...

Толық оқу »

Комментарий к статье 230. Превышение полномочий служащими частных охранных служб УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 230. Превышение полномочий служащими частных охранных служб УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Превышение руководителем или служащим частн...

Толық оқу »

Комментарий к статье 308. Превышение власти или должностных полномочий  УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 308. Превышение власти или должностных полномочий УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Превышение власти или должностных полномочий, то есть...

Толық оқу »

Комментарий к статье 309. Присвоение полномочий должностного лица  УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 309. Присвоение полномочий должностного лица УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Присвоение государственным служащим, не являющимся должностны...

Толық оқу »

252-бап. Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

252-бап. Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Жекеше күзет қызметi басшысының немесе қ...

Толық оқу »

363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымды...

Толық оқу »

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалан...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 56. Общие условия осуществления полномочий следственным судьей Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 56. Общие условия осуществления полномочий следственным судьейУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Следственный судья осуществляет...

Толық оқу »