Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін осы Кодекстің осы бабының қағидаларына және тиісті баптарында көзделген ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырады.

      2. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.

      Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, не прокурордың немесе қорғау тарапының өтінішхаты болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы мәселені шешеді.

      Осы Кодекстiң 55-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5) және 6) тармақтарында, екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi қарау кезiнде сот отырысын өткiзу мiндеттi.

      Қорғау тарапының, жәбірленуші өкілінің өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген мәселені қарау үшін сот отырысын тағайындау, сол бір мәселе бойынша қайта берілген, жаңа дәлелдер қамтылмаған шағымдарды қоспағанда, қорғау тарапы, жәбірленушінің өкілі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым жасайтын адамдарды тергеу судьясының тыңдауы қажет болған жағдайда міндетті болып табылады.

      Сот отырысы тағайындалған жағдайда оның уақыты мен орны туралы қорғау тарапына, жәбірленушінің өкіліне және прокурорға алдын ала хабарланады.

      Сот отырысы тергеу судьясының өкімі бойынша бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.

      3. Тергеу судьясы:

      1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын органнан қаралып жатқан мәселе бойынша қосымша ақпаратты талап етуге;

      2) тиісті сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға және оларды зерттеуге;

      3) процеске қатысушыларды сот отырысына шақыруға және олардан қылмыстық іс бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы.

      4. Тергеу судьясы осы Кодекске сәйкес істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеп-тексеру бағыты және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың және қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ істі мәні бойынша қарайтын соттың орнына әрекет жасауға және шешім қабылдауға тиіс емес.

      5. Күдікті өзіне азаптау және басқа да заңсыз әрекеттер қолданылғаны туралы арызданған немесе онда күш қолданудың іздері болған кезде тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға көрсетілген фактілерді дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті.

      6. Адамның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу немесе өзге де бұзу фактілері анықталған кезде тергеу судьясы заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін жекеше қаулы шығарады.

      Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот iсiн жүрг...

Толық оқу »

645-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

645-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейiн төр...

Толық оқу »

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1...

Толық оқу »

152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1....

Толық оқу »

17-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою) ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

17-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою) ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Прокурор, тер...

Толық оқу »

168-бапқа түсініктеме. Билікті күштеп басып алу немесе күштеп ұстап қалу не шет мемлекет өкілдерінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің уәкілетті органдары мен Қазақстан Республикасы ҚК лауазымды адамдарының құзыретіне кіретін өкілеттіктерді жүзеге асыруы немесе шетелдік қайта ұйымдастыруы

168-бапқа түсініктеме. Билікті күштеп басып алу немесе күштеп ұстап қалу не шет мемлекет өкілдерінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің уәкілетті органдары мен Қаз...

Толық оқу »

252-бап. Жекеше күзет ұйымы, коллекторлық агенттік басшысының немесе жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

252-бап. Жекеше күзет ұйымы, коллекторлық агенттік басшысының немесе жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Жекеше...

Толық оқу »

363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымды ад...

Толық оқу »

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану,...

Толық оқу »