16-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының құзыреті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:
1) уәкілетті мемлекеттік органға:
еңбек нарығының жай-күйін бағалау, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты болжау;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру барысын мониторингтеу және оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды бағалау мен тұжырымдау;
азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша ведомстволық және әкімшілік статистикалық есептілікті жинауды ұйымдастыру;
Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыссыздарды кәсіптік оқыту үшін оқыту курстарын алу;
жергілікті атқарушы органдардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелерін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі еңбек мобильділігі орталықтарын (мансап орталықтарын) әдіснамалық жағынан қолдау;
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік жағынан қолдау көрсету және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында қызметті берушілер мәлімдеген оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің бағаларына талдау жүргізу;
Ұлттық біліктілік жүйесі мәселелері бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік жағынан қолдау көрсету;
кәсіптік стандарттарды сараптау;
зейнетақы жүйесіне, міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға және жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмекті алушыларға проактивті және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету тетіктерін дамыту;
жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың, бірыңғай жиынтық төлем және бірыңғай төлем төлеушілердің дербестендірілген дерекқорын қалыптастыру, сүйемелдеу және дамыту бойынша қызметтерді көрсетуді;
2) жергілікті атқарушы органдар мен еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) мамандарының біліктілігін арттыруды;
3) "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын дамыту жөніндегі жобаларды сүйемелдеуді, оған жүйелік-техникалық жағынан қызмет көрсетуді және басқаруды;
4) даму бойынша жобаларды сүйемелдеуді, басқаруды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және әлеуметтік-еңбек саласы ақпараттандыру объектілерінің қолжетімділігін бақылауды, телекоммуникацияның бағдарламалық-аппараттық құралдары мен желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін және оларға жүйелік-техникалық жағынан қызмет көрсетуді, өзге ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауды ұйымдастыруды, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласының деректерін талдау мен өңдеуді;
5) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеуді және есептен шығаруды;
6) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық және консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы