17-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқым алу жұмысы Бал ара шаруашылығы туралы Заңы
1. Жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды бал ара ұяларын өсіру және пайдалану жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бал араларының тұқымдарын сақтау және жақсарту мақсатында жеке және заңды тұлғалар бал аралар мекендейтін ареалдарда таза тұқымды асыл тұқымды бал араларын өсірумен және өткізумен айналысатын шаруашылықтарын құра алады.
3. Шаруашылықтардың төңірегінде жеті километр радиуста қорғау учаскелері белгіленеді, олардың аумағына басқа тұқымды бал аралар мен аналық бал араларды, сондай-ақ шығу тегі белгісіз бал аралар мен аналық бал араларды әкелуге тыйым салынады.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы N 303 Заңы.
Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы