18-бап. Кепiлдiк берiлген өтем Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы
1. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторларға:
ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша – жиырма миллион теңгеден аспайтын;
ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша – он миллион теңгеден аспайтын;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша – бес миллион теңгеден аспайтын қалдықтар сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.
Депозитордың қатысушы банкте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік берілген депозиттердің бірнеше алуан түрі болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша жиынтық кепілдік берілген өтемді депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде, бірақ жиырма миллион теңгеден асырмай төлейді.
2. Кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне айқындалған нарықтық бағамы пайдаланылады.
3. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор ретінде әрекет еткен жағдайда, кепілді өтемнің мөлшері аталған қатысушы банктің кепілдік берілген депозит сомасын және қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижесінде түзілген айырма сомасы негізге алына отырып, қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге айқындалады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы.
Осы Заң депозиторлар – жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы