18-бап. Кепiлдiк берiлген өтем Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы
1. Қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторларға:
ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша – жиырма миллион теңгеден аспайтын;
ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша – он миллион теңгеден аспайтын;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша – бес миллион теңгеден аспайтын қалдықтар сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.
Депозитордың қатысушы банкте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік берілген депозиттердің бірнеше алуан түрі болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша жиынтық кепілдік берілген өтемді депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде, бірақ жиырма миллион теңгеден асырмай төлейді.
2. Кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне айқындалған нарықтық бағамы пайдаланылады.
3. Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор ретінде әрекет еткен жағдайда, кепілді өтемнің мөлшері аталған қатысушы банктің кепілдік берілген депозит сомасын және қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижесінде түзілген айырма сомасы негізге алына отырып, қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күнге айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы.
Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы