18-бап. Орман мекемесінің негізгі қызметі Орман кодексі Қазақстан Республикасының
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Орман мекемесі:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтiп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындайды;
3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемiн айқындайды;
4) орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi;
5) орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
6) орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi;
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды;
8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың, орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысады;
9) Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңдарына сәйкес, аяқталған объектiлер мен орман пайдаланушылардың орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуi нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдi қабылдауды жүзеге асырады;
10) алып тасталды
11) алып тасталды
12) алып тасталды;
13) өзіне орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін күзету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушылар бойынша ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастырады және бекітеді;
15) орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) әзірлейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
16) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.07.07 № 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Орман кодексі Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы