18-бап. Орман мекемесінің негізгі қызметі Орман кодексі Қазақстан Республикасының
Орман мекемесі:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтiп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындайды;
3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемiн айқындайды;
4) орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi;
5) орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
6) орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi;
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды;
8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың, орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысады;
8-1) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыруға қатысады;
9) Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңдарына сәйкес, аяқталған объектiлер мен орман пайдаланушылардың орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуi нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдi қабылдауды жүзеге асырады;
10) алып тасталды
11) алып тасталды
12) алып тасталды;
13) өзіне орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін күзету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
14) орман орналастыру материалдарына сәйкес, орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастырады және бекітеді.
Орман мекемесі аумақтық бөлімшемен келісу бойынша ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін бекітеді;
15) орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) әзірлейді;
16) орман иелену құқығымен берілген, орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаскелер береді.
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы