⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудің тәртібі мен мерзімдері  Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

18-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудің тәртібі мен мерзімдері  Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудің тәртібі мен мерзімдері  Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы 

       1. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудің тәртібі мен мерзімдері тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленеді.  

       2. Егер тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын төлем мерзімін ұзартып төлеу көзделсе, онда сақтанушының кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі сақтандырушының осы шартты мерзімінен бұрын тоқтатуы үшін негіз бола алмайды.  

       3. Кезекті сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген жағдайда сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.  

      4. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы береді. 

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 Заңы. 

       Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы