15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi 3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерi оның талаптарымен белгiленедi және қызметiн республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күнгi белгiленген - 1000, өзге нотариустар үшiн - 500 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435 Заңы.
Осы Заң жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы