2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Закона О концессиях
1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заңның ережелерi жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қатынастар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес реттеледi және жүзеге асырылады.
Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып реттеледі және жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы концессия "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес реттеледі және жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Закон Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 167.
Настоящий Закон определяет правовые условия концессии, виды государственной поддержки концессионера и регулирует общественные отношения, возникающие в процессе заключения, исполнения и прекращения договоров концессии.
Президент
Республики Казахстан
© 2012. РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан
Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела