2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;
3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;
3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;
4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзге де мiндеттер жүктелуi мүмкiн.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.05.16. № 110, 2002.03.21 № 309, 2010.05.27 № 279-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы