Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi  Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы

2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi  Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi  Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы 

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:  

      1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;  

      2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу; 

      3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру; 

      3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру; 

      4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, аумақтық тұтастығын бұзуға және ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю; 

      4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру; 

4-2) аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;  

5-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;

      6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;  

      7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру; 

      8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету; 

      9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 

      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзге де мiндеттер жүктелуi мүмкiн. 

 

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.   

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының

 Президенті 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы