20-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Кредитордың (кредиторлардың) талаптарын қанағаттандыруға қабілеті болмаған кезде азаматқа "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда және тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылады.
2. Осы баптың күші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Ескерту. Кодекс 20-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы