⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

21-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі 

      Ескерту. 21-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган меншік нысанына қарамастан микробиологиялық зертханаларға патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссияның) қорытындысы негізінде береді.

      2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ережені және оның құрамын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.

      3. Инженерлік, операциялық және техникалық талаптарды (зертхананың биологиялық қауіпсіздік деңгейі) қамтитын зертханалық тежеу шаралары сақталған кезде патогенді биологиялық агенттермен ғылыми-зерттеу, эксперименттік, өндірістік, далалық және диагностикалық жұмыстарды жүргізуге патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша жұмыста пайдаланылатын патогенді биологиялық агенттердің тәуекел тобына байланысты беріледі.

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын әрбір объектіге (стационарлық немесе мобильді) патогенді биологиялық агенттердің атаулары көрсетіле отырып, патогендік тобы және қауіптілік дәрежесі ескеріліп, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша беріледі.

      4. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект қызметінің осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беруге негіз болып табылады.

      5. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алуға қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынбау не анық емес құжаттар мен мәліметтерді ұсыну;

      2) эпидемиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы;

      3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу негізінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссияның) теріс қорытындысы.

      6. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттан және оған қосымшадан айыруға мыналар негіз болып табылады:

      1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтың белгіленген мерзімде жойылмауы;

      2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған, адамдардың, жануарлардың саулық жағдайына, өсімдіктер мен қоршаған ортаға қауіпті әсер ететін бұзушылықтың соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде қайта анықталуы;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттан және оған қосымшадан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның қолданысын тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:

      1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттан және оған қосымшадан айыру;

      2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;

      3) заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы, оның таратылуы;

      4) өтініш берушінің патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның қолданысын тоқтату туралы өз еркімен жүгінуі;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы