Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Конституционный закон / 22-бап. Парламент Палаталарының Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындау, қызметке сайлау және қызметтен босату жөнінде Республика Президентіне келісім беру тәртібі Конституционного закона О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов

22-бап. Парламент Палаталарының Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындау, қызметке сайлау және қызметтен босату жөнінде Республика Президентіне келісім беру тәртібі Конституционного закона О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

22-бап. Парламент Палаталарының Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындау, қызметке сайлау және қызметтен босату жөнінде Республика Президентіне келісім беру тәртібі Конституционного закона О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов 

      1. Республика Президенті Премьер-Министрді қызметке тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімін, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Соты Төрағасын, Ұлттық Банкі Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындауға Сенаттың келісімін алу үшін, Сенаттың Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, судьяларын және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қызметке сайлауы және қызметтен босатуы үшін Парламент Палаталарына тиісті жазбаша ұсынулар енгізеді, солардың негізінде тиісті мәселені Парламенттің тиісті Палатасының таяудағы отырысының күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады.

      2. Премьер-Министрді тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімі Палата отырысында беріледі.

      2-1. Республика Президенті Республиканың Конституциялық Соты Төрағасын, Ұлттық Банкі Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауға Сенаттың келісімі алдын ала не кейінгі сипатта болады және Палата отырысында беріледі.

      3. Сенаттың Жоғарғы Сот Төрағасын, судьяларын және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қызметке сайлауы мен қызметтен босатуы үшін ұсынылған кандидатуралар мәселе Палатаның отырысында қаралғанға дейін Сенат Бюросының шешімімен белгіленген Сенаттың тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс. Кандидатураларды қараудың нәтижелері негізінде комитет әрбір талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етілетін қорытынды шығарады.

      4. Тиісті Палата отырысында қызметке тағайындауға келісім беру туралы, қызметке сайлау және қызметтен босату туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды Республика Президенті немесе ол уәкілеттік берген Республиканың лауазымды адамы таныстырады.

      5. Тиісті Палатаның отырысында:

      1) кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы;

      2) депутаттар ұсынылған кандидатты "жақтап" немесе "қарсы" пікірлер білдіруі мүмкін.

      6. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін.

      7. Егер Парламенттің тиісті Палатасы Президент ұсынған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындауға келісім беру туралы, қызметке сайлау туралы шешімдер қабылдамаған жағдайда, Президент тиісті Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгізеді.

      8. Егер Сенат Жоғарғы Сот Төрағасын, судьяларын және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қызметтен босату туралы шешім қабылдамаған жағдайда, Президент Сенатқа осы мәселе бойынша қайта ұсыну енгізуге хақылы. 

 

 

Конституционный закон Республики Казахстан от 16 октября 1995 года N 2529. 

      Настоящий Конституционный закон в соответствии с Конституцией Республики Казахстан определяет организацию и деятельность Парламента Республики Казахстан, правовое положение его депутатов. 

Президент    

Республики Казахстан    

     Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела