236-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Санкциялануға жататын жасырын тергеу әрекеті отыз тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыру қажет болған кезде оларды жүргізуге бастамашы болған орган мерзім аяқталардан үш тәулік бұрын оны отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ұзарту қажеттігі туралы уәжді қаулы шығарады және оны санкциялау үшін тергеу судьясына жібереді.
Тергеу судьясының санкциясы алынғаннан кейін қаулы жасырын тергеу әрекетін жүзеге асыратын уәкілетті органға орындау үшін жіберіледі. Тергеу судьясы жасырын тергеу әрекетінің жүргізілуін ұзартуды санкциялап, бұл ретте қаулыда көрсетілгеннен аз мерзім белгілеуі мүмкін. Жасырын тергеу әрекетін жүргізуді жалғастыруға қажеттілік болмаған кезде, тергеу судьясы қаулыны санкциялаудан бас тартады және жасырын тергеу әрекеті тоқтатылады.
Жасырын тергеу әрекетін одан әрі жүргізуге қажеттілік жойылған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оның жүргізілуін өзі дербес тоқтатады.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Жасырын тергеу әрекеті тәуліктің кез келген уақытында және оның бүкіл жүргізілу мерзімі ішінде үздіксіз жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 236-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы