⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 347-1-бап. Басты сот талқылауын аудио-, бейне түсіру құралдарымен түсіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

347-1-бап. Басты сот талқылауын аудио-, бейне түсіру құралдарымен түсіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

347-1-бап. Басты сот талқылауын аудио-, бейне түсіру құралдарымен түсіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.

      Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен түсіру жүзеге асырылмайды.

      Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.

      Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазбаны пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып бұл туралы сотқа баяндайды.

      2. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.

      Сот отырысының қысқаша хаттамасында соттың әрекеттері олардың болған ретімен қамтылады және:

      1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;

      2) сот отырысының басталу және аяқталу уақыты;

      3) істі қарайтын соттың атауы мен құрамы, судьялардың, сот отырысы хатшысының тегі мен аты-жөні;

      4) істің атауы;

      5) сотталушының жеке басы туралы деректер;

      6) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер;

      7) аудио-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы;

      8) аудармашының, айыптаушының, қорғаушының, сотталушының, сондай-ақ жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, сот шақырған басқа да адамдардың келгені туралы мәліметтер;

      9) процеске қатысушылардың және іске қатысатын өзге де адамдардың арыздары, қарсылықтары мен өтінішхаттары туралы; сот шығарған қаулылар туралы; файл нөмірі мен жауап алыну уақыты көрсетіле отырып, сотта жауап алынған адамдар туралы, соттың жазбаша құжаттарды, заттай дәлелдемелерді зерттеу уақыты туралы, іске қосымша материалдарды қоса тіркеу туралы, сот жарыссөзін жүргізудің, сотталушының соңғы сөзінің, соттың кеңесу бөлмесіне кетуінің және сот актісін жария етудің уақыты туралы мәліметтер;

      10) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған датасы көрсетіледі.

      Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші және хатшы қол қояды.

      Аудио-, бейнежазбаны қамтитын материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.

      2-1. Іс бойынша төрағалық етуші сот отырысының аудио-, бейнетіркеуінің толықтығы мен сапасын тексереді. Егер сот отырысының аудио-, бейнежазбасы сапасыз болып табылса, онда осы Кодекстің 347-бабының талаптарына сәйкес басты сот талқылауының хаттамасы жасалады.

      3. Сот іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудио-, бейнежазбаның көшірмесін немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады. Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазбалар және сот отырысының хаттамасы ұсынылмайды, олардың аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

      4. Сот отырыстарының аудио-, бейнежазбалары сот талқылауының барысын дәл тіркеу үшін тек сот ісін жүргізу мақсаттарында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді анықтау мақсаттарында пайдаланылады.

      5. Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қолжетімділік тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.

      Ескерту. 42-тарау 347-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к  статье 57. Председательствующий по делу Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 57. Председательствующий по делуУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан При рассмотрении уголовного дела в составе коллегии судей пред...

Толық оқу »

Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 2002 жылғы 6 желтоқсан N 25.

Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 2002 жылғы 6 желтоқсан N 2...

Толық оқу »