⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 29-бап. Жариялылық ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

29-бап. Жариялылық ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

29-бап. Жариялылық ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

 

  1. Қылмыстық iстердi талқылау барлық соттарда және сот сатыларында ашық жүргiзiледi. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі. Іске қатысатын адамдардың өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтердің жария етілуін болғызбау мақсатында, кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы істер бойынша және басқа да істер бойынша, сондай-ақ оны жәбірленушінің, куәның немесе іске қатысатын басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының қауіпсіздігі мүдделері талап ететін жағдайларда, соттың уәжді қаулысы бойынша жабық сот талқылауына жол беріледі. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген, тергеу судьясы шешетін шағымдар да жабық сот отырысында қаралады.

    2. Жабық отырыста істерді талқылау осы Кодексте белгіленген барлық қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.

   3. Соттың үкімі және іс бойынша қабылданған қаулылар барлық жағдайларда көпшілік алдында жарияланады. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша үкімнің кіріспе және қарар бөліктері ғана көпшілік алдында жария етіледі.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

347-1-бап. Басты сот талқылауын аудио-, бейне түсіру құралдарымен түсіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

347-1-бап. Басты сот талқылауын аудио-, бейне түсіру құралдарымен түсіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот отырысы барысын түсіріп алу...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 57. Председательствующий по делу Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 57. Председательствующий по делуУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан При рассмотрении уголовного дела в составе коллегии судей пред...

Толық оқу »

Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 2002 жылғы 6 желтоқсан N 25.

Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 2002 жылғы 6 желтоқсан N 2...

Толық оқу »