348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
Басты сот талқылауының қысқаша хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстің 347-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген өзге де адамдар сот отырысының аудио-, бейнежазбаларымен және қысқаша хаттамасымен танысуға, жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы.
Сот отырысының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулерді қарау осы Кодекстің 349-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 42-тарау 348-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы