⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Соттың заңды күшiне енген үкiмінiң, қаулысының, оның ішінде осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен шығарылған қаулысының күшi жойылуы және қылмыстық iс немесе осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу туралы өтінішхат бойынша iс жүргiзу жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта басталуы мүмкiн.

      2. Іс жүргiзудi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастаудың негiздерi мыналар болып табылады:

      1) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан жәбiрленушiнің немесе куәнің айғақтарының, сарапшының қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сол сияқты заттай дәлелдемелердің, тергеу және сот әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу дұрыс жасалмауы;

      2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық әрекеттерi;

      3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған қылмыстық әрекеттерi;

      4) осы Кодекстiң 502-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы белгіленген және прокурордың өтінішхатында баяндалған, үкiм, қаулы шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге сотталушы адамның кінәсіздігі туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар;

      5) сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының конституциялық емес деп тануы;

      6) осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу үшін негіз болған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтан соттың заңды күшіне енген ақтау үкімі не қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе құрамының болмауына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы негізінде босату не істі мәні бойынша қараған соттың үкімінде мүлікті тәркілеуді ішінара немесе толық қолданбау;

      7) өзіне қатысты іс осы Кодекстің 335-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіппен қаралған сотталған адам қылмыстық процесті жүргізетін органға келген жағдайда, оның ерік білдіруі.

      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақтарында санамаланған мән-жайлар үкiммен қатар соттың, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтуіне орай, рақымшылық актiсiнiң нәтижесiнде, айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына жетпегендiгiне байланысты тоқтату туралы қаулысы арқылы белгіленуі мүмкiн.

      Ескерту. 499-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 499. Основания возобновления производства по уголовному делу Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 499. Основания возобновления производства по уголовному делуУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Вступившие в законную силу приговор,...

Толық оқу »

Комментарий к статье 504. Порядок рассмотрения судом ходатайств о возобновлении производства по делу по вновь открывшимся обстоятельствам Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 504. Порядок рассмотрения судом ходатайств о возобновлении производства по делу по вновь открывшимся обстоятельствамУголовно-процессуального кодекса Респуб...

Толық оқу »

504-бап. Соттың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

504-бап. Соттың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік коде...

Толық оқу »

348-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

348-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Басты сот талқылауының хаттамасына қағаз жеткізгіште қол...

Толық оқу »

348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Басты сот талқылауы...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 348. Замечания на протокол главного судебного разбирательства Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 348. Замечания на протокол главного судебного разбирательстваУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В течение пяти суток после подписани...

Толық оқу »

349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Басты сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайын...

Толық оқу »

Қылмыстық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 9 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусым...

Толық оқу »