364-бап. Сот тергеуiнiң басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сот тергеуi толық немесе қысқартылған тәртіппен жүзеге асырылады және айыптаушының – сотталушыға таққан айыбының мәнiн баяндауынан, ал жекеше айыптау iстерi бойынша – шағым берген тұлғаның немесе оның өкiлiнiң, ал олар болмағанда сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады.
2. Айыптау ауырлығы төмендеу түрiне өзгертiлген немесе айыптаудың бiр бөлiгiнен бас тартылған жағдайда, айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа уәжді тұжырымдалуын жазбаша түрде баяндауға мiндеттi. Айыптаушы айыптаудың мәнін баяндап болған соң сотқа процестік келісім жасасу ниеті туралы мәлімдеуге құқылы.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы