384-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттаманы ұсынады:
1) қауіпті қалдықтардың паспорты;
2) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп;
3) мыналарды:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының қалдықтарды жинап қоюға және жоюға арналған жер учаскесін бөлу туралы шешімін;
жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өз құзыреті шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы куәландырған жер учаскесінің шекараларын белгілеу және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты беру туралы анықтаманы;
қалдықтарды орналастыру объектілерін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін;
қалдықтарды орналастыру объектілерін құру жобасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысын қамтитын қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық іс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың нысанын, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қағаз жеткізгіште және (немесе) оны қалдықтардың мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда жыл сайын ұсынылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттама өзгерген жағдайда ол қағаз жеткізгіште және (немесе) оны қалдықтардың мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда қайта ұсынылады.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы