384-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттаманы ұсынады:
1) қауіпті қалдықтардың паспорты;
2) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп;
3) мыналарды:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының жер учаскесін бөлу туралы шешімін;
жер пайдалану құқығына арналған актіні;
қалдықтарды орналастыру объектілерін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін және (немесе) уәкілетті органдармен келісілген жобалау-сметалық құжаттаманы;
қалдықтарды жинақтау және (немесе) қалдықтарды көму объектілерін құру жобасына мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысын қамтитын қалдықтарды жинақтау және (немесе) қалдықтарды көму объектісі бойынша кадастрлық іс.
1-1. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мәліметтеріне сәйкес ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы қалдықтарды игеруді жүзеге асыратын тұлғалар ұсынатын қалдықтарды игеру саласындағы әкімшілік деректер негізінде, осы баптың 1-тармағында айқындалатын тәртіппен қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жібереді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың нысанын, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті кезеңнен кейінгі кезеңнің 1-ші күніндегі жағдай бойынша есепті кезеңнен кейінгі кезеңнің үшінші айының 1-ші күніне дейінгі мерзімде оны Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда әрбір жартыжылдықта ұсынылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттама өзгерген жағдайда оны Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі цифрлық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда қайта ұсынылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау