⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 478-бап. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

478-бап. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

478-бап. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сот осы Кодекстің 476-бабының 2), 5), 16), 19) және 20) тармақтарында көрсетілген мәселелерді сотталған адамның өтінішхаты бойынша қарайды.

      2. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 12), 14), 14-1), 18) және 21) тармақтарында көрсетілген мәселелер жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қаралады.

      2-1. Осы Кодекстің 476-бабының 3) тармағында көрсетілген, халықаралық іздестіруді жариялау және тоқтату бөлігіндегі мәселелер қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруді жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша қаралады.

      3. Сот осы Кодекстің 476-бабының 4), 7), 9), 11), 13), 15) және 17) тармақтарында көрсетілген мәселелерді сотталған адамның өтінішхаты бойынша не жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қарайды.

      3-1. Үкім шығарған сот осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселені сот үкімімен тәркіленген мүлікті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік органның және өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша қарайды.

      3-2. Осы Кодекстің 476-бабының 23) тармағында көрсетілген мәселені сот сотталған адамның, оның қорғаушысының, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қарайды.

      4. Сот үкімді орындауға байланысты мәселелерді өтінішхат келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сотталған адамның қатысуымен ашық сот отырысында жеке-дара қарайды. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 7), 8), 10), 14), 17) және 23) тармақтарында көзделген мәселелерді қарау сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.

      5. Сот осы Кодекстің 476-бабының 5) тармағында көрсетілген мәселелерді Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының өтінішхаты бойынша, ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберінде қарауы мүмкін.

      6. Сот сотталғандарға қатысты үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi қараған кезде, осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы мiндеттi.

      Соттың қаулысы негізінде адвокаттар сотталғандарға заң көмегін көрсеткен жағдайларда, олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 68-бабына сәйкес жүргізіледі.

      7. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру не оны емдеу мекемесiне орналастыру туралы мәселенi қараған кезде қорытынды берген дәрiгерлік комиссия өкiлiнiң қатысуы мiндеттi, ал сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізілген жағдайда, сот отырысына қорытынды берген сарапшы қатысады.

      8. Шартты түрде сотталған адамға іздестіру жариялаған кезде сот қаулыда пробациялық бақылау мерзімінің өтуін тоқтата тұрудың басталуын және оның өтуі қайта басталатын кезді көрсетеді.

      9. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қараған кезде сот отырысына жәбірленуші қатысуға құқылы не оның өкілі өкілдік ете алады.

      10. Егер мәселе үкiмдi азаматтық талап қою бөлiгiнде орындауға қатысты болса, сот отырысына азаматтық талапкер немесе оның өкiлi де шақырылады. Көрсетілген адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi келтірмейді.

      11. Сот отырысына прокурор қатысады.

      12. Сотта үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарау сотталған адамның, прокурордың немесе жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің тиісті өтінішхатты баяндауымен басталады. Содан соң ұсынылған материалдар зерттеледi, сот отырысына келген адамдардың түсiнiктемелерi, прокурордың пiкiрi тыңдалады, содан соң судья кеңесу бөлмесінде қаулы шығарады.

      13. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.

      Ескерту. 478-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

477-бап. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешетiн соттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

477-бап. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешетiн соттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Үкімді орындауға байланысты мәселелерді осы...

Толық оқу »

602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды –жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табылатын мемлекетке беру негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табыл...

Толық оқу »

482-бап. Сотталғандардың шағымдарын қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

482-бап. Сотталғандардың шағымдарын қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотталған адам жазаны орындайтын мекеменің немесе органның өз құқық...

Толық оқу »

Комментарий к статье 482. Рассмотрение жалоб осужденных Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 482. Рассмотрение жалоб осужденныхУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Осужденный вправе обжаловать в суд действия (бездействие) и реш...

Толық оқу »

73-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

73-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Онша ауыр...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының...

Толық оқу »