489-бап. Кассациялық шағымды, наразылықты қарамай қайтару ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
Ескерту. 489-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық мынадай негiздер бойынша:
1) кассациялық шағым, наразылық осы Кодекстiң 488-бабының талаптарына сай келмесе;
2) кассациялық шағымды, наразылықты осы Кодекстiң 486-бабына сәйкес, заңды күшiне енген осы сот актісіне шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар берсе;
3) кассациялық шағым, наразылық осы Кодекстiң 487-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе;
4)кассациялық шағым наразылық мәнi бойынша қаралғанға дейiн олар керi қайтарып алынса;
5) кассациялық шағым осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігіне сәйкес кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайтын сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға жатады.;
Ескертпе! ҚР Конституциялық Сотының 16.05.2023 № 13 нормативтік қаулысын қараңыз.
6) осы Кодекстің 484-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяның (судьялардың) өтінішхатты іспен бірге бұған дейін қаралған нақ сол негіздер бойынша кассациялық сатыда қарауға беруден бас тарту туралы қаулысы болса, олар берген адамдарға қайтарылуға жатады.- ҚР Заңымен алынып тасталды.
2. Кассациялық шағым, наразылықты қайтару үшін негіз болған, осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде қайтадан берілуі мүмкін.
3. Өтінішхат немесе наразылық осы баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үш тәулік ішінде хатпен кері қайтарылады.
Ескерту. 489-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы