⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

5-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасы туралы ақпарат беруді Комиссия және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары оны тиісінше Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында және кеден органдарының интернет-ресурстарында орналастыру жолымен, сондай-ақ ол туралы ақпаратты телевидение мен радио, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жалпы жұртшылықтың назарына жеткізу жолымен, сондай-ақ ақпарат таратудың өзге де жалпыға бірдей қолжетімді тәсілдерімен жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беруді Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк құқықтық актiлерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беру ауызша түсіндіру және хабарландырулар, ақпараттық стендтер, табло, буклеттер және өзге де баспа материалдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат тарату үшін, оның ішінде мынадай жерлерде:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде;

      2) әуежайларда, теміржол және автомобиль станцияларында, теңіз және өзен порттарында;

      3) халықаралық тасымалдарды орындайтын көлік құралдарында;

      4) осы Кодексте айқындалатын кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындайтын өзге де жерлерде жалпыға бірдей қолжетімді және тегін таныстыру үшін қолданылатын бейне-, аудио- және басқа да техникалық құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасының кеден органдары өздерінің интернет-ресурстарында орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасы және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпаратқа тұлғалардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы