5-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасы туралы ақпарат беруді Комиссия және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары оны тиісінше Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында және кеден органдарының интернет-ресурстарында орналастыру жолымен, сондай-ақ ол туралы ақпаратты телевидение мен радио, цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жалпы жұртшылықтың назарына жеткізу жолымен, сондай-ақ ақпарат таратудың өзге де жалпыға бірдей қолжетімді тәсілдерімен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беруді Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк құқықтық актiлерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беру ауызша түсіндіру және хабарландырулар, ақпараттық стендтер, табло, буклеттер және өзге де баспа материалдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат тарату үшін, оның ішінде мынадай жерлерде:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде;
2) әуежайларда, теміржол және автомобиль станцияларында, теңіз және өзен порттарында;
3) халықаралық тасымалдарды орындайтын көлік құралдарында;
4) осы Кодексте айқындалатын кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындайтын өзге де жерлерде жалпыға бірдей қолжетімді және тегін таныстыру үшін қолданылатын бейне-, аудио- және басқа да техникалық құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының кеден органдары өздерінің интернет-ресурстарында орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасы және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпаратқа тұлғалардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы