Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырудың, бас бостандығын шектеудiң, бас бостандығынан айырудың мерзiмдерi – айлармен және жылдармен, қамаққа алу мерзімдері – тәуліктермен, қоғамдық жұмыстарға тарту мерзімдері сағаттармен есептеледі.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жазаны ауыстыру немесе жазаларды қосу, сондай-ақ жазаны есепке алу кезінде мерзімдер тәуліктермен есептелуі мүмкін.
  3. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн күзетпен ұстау уақыты:

      1) қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше және толық қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір күні;

      2) орташа қауіпсіз, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күні;

      3) қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылады.

      3-1. Үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақыты:

      1) қамаққа алу түріндегі жазаны өтеудің бір күні;

      2) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күні;

      3) қоғамдық жұмыстар түрінде жазаны өтеудің төрт сағаты;

      4) тиісінше түзеу жұмыстары, айыппұл түрінде жазаны өтеудің төрт айлық есептік көрсеткіші үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылады.

  1. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн үйқамақта ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу түрiндегі жаза мерзіміне – бiр күнге екi күн есебімен, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, айыппұл түрiндегi жаза мерзiмiне тиісінше қоғамдық жұмыстардың екі сағаты немесе екі айлық есептік көрсеткіш үшін үйқамақта ұстаудың бiр күнi есебiмен есептеледі.
  2. Сот үкiмi заңды күшiне енгенге дейiн адамды күзетпен ұстау уақыты мен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде жасалған қылмыс үшiн сот үкiмiмен тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеу уақыты, адам осы Кодекстiң 9-бабыныңнегiзiнде ұстап берiлген жағдайда, бiр күнге бiр күн есебiмен есептеледi.
  3. Адамға жазаның өзге түрін тағайындай отырып, үкімді қайта қарау кезінде жазаның өтелген мерзімі немесе орындалған мөлшері үкім қайта қаралғанға дейін жаңа жазаның мерзіміне немесе мөлшеріне есептеледі. Жазаның өтелген мерзімін немесе орындалған мөлшерін есепке алу кезінде:

      1) бас бостандығынан айырудың бiр күнiне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты, қамаққа алудың бір тәулігі, бас бостандығын шектеудің бір күні сәйкес келеді;

      2) бас бостандығын шектеудің бiр күнiне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты, қамаққа алудың бір тәулігі сәйкес келеді;

      3) қамаққа алудың бір тәулігіне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты сәйкес келеді;

      4) қоғамдық жұмыстардың бір сағатына айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының бір айлық есептік көрсеткіші сәйкес келеді;

      5) түзеу жұмыстарының бір айлық есептік көрсеткішіне айыппұлдың бір айлық есептік көрсеткіші сәйкес келеді.

  1. Қылмыс жасалғаннан кейiн психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықпен (аурумен) науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзiмiне немесе мөлшеріне есептеледi.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

Комментарий к статье 11. Неоднократность преступлений УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 11. Неоднократность преступленийУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Неоднократностью преступлений признается совершении двух или более деян...

Толық оқу »

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға осы КодекстiңЕрек...

Толық оқу »

Комментарий к статье 54. Обстоятельства, отягчающие уголовную ответственность и наказание УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 54. Обстоятельства, отягчающие уголовную ответственность и наказаниеУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Обстоятельствами, отягчающими уголо...

Толық оқу »

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жа...

Толық оқу »

55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Егер осы Кодек...

Толық оқу »

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде мән-жайлардың себебiнен қ...

Толық оқу »

Комментарий к статье  46. Арест УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 46. АрестУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Арест состоит в содержании осужденного в условиях строгой изоляции от общества на весь срок на...

Толық оқу »

46-бап. Бас бостандығынан айыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

46-бап. Бас бостандығынан айыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Бас бостандығынан айыру сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу арқ...

Толық оқу »

44-бап. Бас бостандығын шектеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

44-бап. Бас бостандығын шектеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Бас бостандығын шектеу сотталған адамға алты айдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациял...

Толық оқу »

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Егер сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық өтег...

Толық оқу »

61-бап. Жаза мерзiмдерiн қосу кезiнде мерзімдерді айқындау тәртiбi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

61-бап. Жаза мерзiмдерiн қосу кезiнде мерзімдерді айқындау тәртiбi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы және үкiмдерд...

Толық оқу »

65-бап. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

65-бап. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасағ...

Толық оқу »

50-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

50-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Белгiлi бiр лауазымды атқару н...

Толық оқу »