Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырудың, бас бостандығын шектеудiң, бас бостандығынан айырудың мерзiмдерi – айлармен және жылдармен, қамаққа алу мерзімдері – тәуліктермен, қоғамдық жұмыстарға тарту мерзімдері сағаттармен есептеледі.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жазаны ауыстыру немесе жазаларды қосу, сондай-ақ жазаны есепке алу кезінде мерзімдер тәуліктермен есептелуі мүмкін.
  3. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн күзетпен ұстау уақыты:

      1) қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше және толық қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір күні;

      2) орташа қауіпсіз, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күні;

      3) қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылады.

      3-1. Үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақыты:

      1) қамаққа алу түріндегі жазаны өтеудің бір күні;

      2) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күні;

      3) қоғамдық жұмыстар түрінде жазаны өтеудің төрт сағаты;

      4) тиісінше түзеу жұмыстары, айыппұл түрінде жазаны өтеудің төрт айлық есептік көрсеткіші үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылады.

4 Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн үйқамақта ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу түрiндегі жаза мерзіміне – бiр күнге екi күн есебімен, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, айыппұл түрiндегi жаза мерзiмiне тиісінше қоғамдық жұмыстардың екі сағаты немесе екі айлық есептік көрсеткіш үшін үйқамақта ұстаудың бiр күнi есебiмен есептеледі.

5 Сот үкiмi заңды күшiне енгенге дейiн адамды күзетпен ұстау уақыты мен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде жасалған қылмыс үшiн сот үкiмiмен тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеу уақыты, адам осы Кодекстiң 9-бабыныңнегiзiнде ұстап берiлген жағдайда, бiр күнге бiр күн есебiмен есептеледi.

6 Адамға жазаның өзге түрін тағайындай отырып, үкімді қайта қарау кезінде жазаның өтелген мерзімі немесе орындалған мөлшері үкім қайта қаралғанға дейін жаңа жазаның мерзіміне немесе мөлшеріне есептеледі. Жазаның өтелген мерзімін немесе орындалған мөлшерін есепке алу кезінде:

      1) бас бостандығынан айырудың бiр күнiне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты, қамаққа алудың бір тәулігі, бас бостандығын шектеудің бір күні сәйкес келеді;

      2) бас бостандығын шектеудің бiр күнiне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты, қамаққа алудың бір тәулігі сәйкес келеді;

      3) қамаққа алудың бір тәулігіне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты сәйкес келеді;

      4) қоғамдық жұмыстардың бір сағатына айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының бір айлық есептік көрсеткіші сәйкес келеді;

      5) түзеу жұмыстарының бір айлық есептік көрсеткішіне айыппұлдың бір айлық есептік көрсеткіші сәйкес келеді.

7 Қылмыс жасалғаннан кейiн психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықпен (аурумен) науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзiмiне немесе мөлшеріне есептеледi.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

62-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазалау мерзімдерін есептеу және жазаны есепке жатқызу

62-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазалау мерзімдерін есептеу және жазаны есепке жатқызу 1. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгі...

Толық оқу »

908-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімдерін есептеу

908-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімдерін есептеу 1. Рұқсаттан...

Толық оқу »

739-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мерзімдерін есептеу

739-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мерзімдерін есептеу 1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу...

Толық оқу »

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін әкімшілік жазалау мерзімдерін есептеу

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін әкімшілік жазалау мерзімдерін есептеу Әкімшілік қамаққа алу мерзімі тәуліктермен ес...

Толық оқу »

73-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны орындау мерзiмдерiн есептеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

73-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны орындау мерзiмдерiн есептеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқа...

Толық оқу »

60-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

60-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Әкімшілік қамаққа алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке немесе з...

Толық оқу »

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының мерзімдерін есептеу уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе басталғаннан кейінгі келесі күннен басталады

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының мерзімдерін есептеу уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе басталғаннан кейінгі келесі күнне...

Толық оқу »

13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы Кодексте, еңбек немесе ұжымдық шартта, келісімдерде белгіленген мерзім...

Толық оқу »

908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Рұқсаттан айыру не оны...

Толық оқу »

739-бап. Мерзiмдердi есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

739-бап. Мерзiмдердi есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде пайда...

Толық оқу »

584-бап. Күзетпен ұстау мерзімдерін есептеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

584-бап. Күзетпен ұстау мерзімдерін есептеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға бұлтартпау шарасы ретінде...

Толық оқу »

48-бап. Мерзiмдердi есептеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

48-бап. Мерзiмдердi есептеуҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен ес...

Толық оқу »