706-бап. Жүктердi тасымалдау жөнiндегi талаптар мен талап қоюлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Тасымалдаушыға жүктi тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейiн оған көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiпте талаптар қойылуы мiндеттi.
2. Жүк тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi бiр жыл деп белгiленедi.
3. Осы баптың ережелерi жолаушыны және теңдеме жүктi тасымалдаудан туындайтын талаптарға қолданылмайды.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы