89-бап. Тергеушiге және анықтаушыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Осы Кодекстiң 87-бабында көзделген негiздер болған кезде тергеушi және анықтаушы iстi тергеп-тексеруге қатыса алмайды.
2. Осы қылмыстық iс бойынша бұрын жүргiзiлген тергеп-тексеруге тергеушiнің және анықтаушының осындай тиісті түрде қатысуы олардың осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Тергеушіге немесе анықтаушыға қарсылық білдіру туралы мәселенi тергеу бөлімінің бастығы немесе анықтау органының бастығы не прокурор шешедi.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы