9-2-бап. Сараптама ұйымы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) мәліметтерді және олардың өзгерістерін Тізілімге енгізеді;
2) өз қызметі шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) Тізілімді жүргізеді және оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Сараптама ұйымы мәліметтерді Тізілімге енгізгені үшін көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының біреуіне;
қандастарға;
кәмелетке толмағандарға жеңілдіктер береді.
Жеңілдіктер жоғарыда санамаланған адамдар санаттарының кез келгеніне жататындығы туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде мәліметтерді Тізілімге енгізу жөнінде көрсетілген қызмет үшін бағаның 95 пайызы мөлшерінде беріледі.
3. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.
Ескерту. 2-тарау 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы