Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 9-2-бап. Сараптама ұйымы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

9-2-бап. Сараптама ұйымы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-2-бап. Сараптама ұйымы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы: 

     1) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді, өзгерістерді және күшін жоюды енгізеді;

      2) өз қызметі шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; 

      3) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді және оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      4) осы Заңда көзделген құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы тізілімдерді қалыптастырады және жүргізеді;

   5) бірыңғай цифрлық платформаны ендіруді жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңның 44, 46 және 47-баптарына сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың және пайдаланушылардың мәліметтерді орналастыруын қамтамасыз етеді; 

      6) осы Заңның талаптарына сәйкес бірыңғай цифрлық платформаны ақпаратпен толтыруды, дамытуды, сүйемелдеуді және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; 

      7) бірыңғай цифрлық платформаны мониторингтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформаның цифрлық жүйелермен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді; 

      8) бірыңғай цифрлық платформа субъектісіне бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуі мәселелері бойынша өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетеді; 

      9) бірыңғай цифрлық платформада орналастырылған деректердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 

      10) авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын шығарушылардың фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта және табыс алмастан қайта шығарғаны үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру саласындағы құқықтарды басқаруды жүзеге асырады; 

      11) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      2. Сараптама ұйымы мәліметтерді Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізгені үшін көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде: 

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; 

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға; 

      1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға; 

      мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының біреуіне; 

      қандастарға; 

       кәмелетке толмағандарға жеңілдіктер береді.  

       Жеңілдіктер жоғарыда санамаланған адамдар санаттарының кез келгеніне жататындығы туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде мәліметтерді Тізілімге енгізу жөнінде көрсетілген қызмет үшін бағаның 95 пайызы мөлшерінде беріледі.  

      3. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді. 

 

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы