⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы

9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы  

       1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:  

      1) азаматтардың туристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;  

      2) қоршаған ортаны қорғау;  

      3) туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау;  

      4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамыту;  

      5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;  

      6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады.  

      2. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң басым бағыттары:  

      1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;  

      2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау;  

      3) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қамтылған топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу; 

      4) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау;  

      5) ішкі туризм мен келу туризмін қолдау және дамыту;  

      6) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.  

      3. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу:  

      1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөнiндегi саясатты айқындау;  

      2) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;  

      3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристiк қызметтi лицензиялау; 

      3-1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес туристік қызмет аясындағы стандарттау; 

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

      5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;  

      6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;  

      7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға жәрдемдесу;  

      8) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.  

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.21. № 307, 2008.07.05.  № 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Заңы. 

    Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы