9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы
9-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Осы Заңның негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
1) азаматтардың туристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
2) қоршаған ортаны қорғау;
3) туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау;
4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттіліктерiн қамтамасыз ететiн, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған туристiк индустрияны дамыту;
5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістерін ұлғайту;
6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту;
7) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;
8) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүддесiн ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау;
9) туристiк индустрияға инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ішкі туризм мен келу туризмін қолдау және дамыту;
2) iшкi және халықаралық туризм қажеттіліктерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру;
3) балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қамтылған топтары арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
4) жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
5) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуы;
6) iшкi және әлемдік туристiк нарықтарда туристiк өнiмдi ілгерілету;
7) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету."
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы