Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген бүкіл уақыты үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа орташа жалақысын төлеу туралы
Еңбек Кодексінің қағидаларына сәйкес жалақы - жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы болып табылады. Жалақыға сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер жатады.
Қызметкермен еңбек шарты заңды негіздемесіз тоқтатылғаны анықталған жағдайда сот қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешім шығарады, бұл ретте бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген бүкіл уақыты үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа орташа жалақысы төленеді.
Қызметкердің арызы бойынша сот қызметкерге алты айдан аспайтын уақытқа орташа жалақыны төлеу туралы шешім шығарумен шектелуі мүмкін.
Бұл қағида Жоғарғы Соттың «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысында бекітілген, оған сәйкес жұмысқа қайта орнастырудың орнына жұмыстан заңсыз негіз бойынша шығарылған қызметкердің өтінішімен, сот оның пайдасына лажсыз жұмысқа шықпаған уақыт үшін (бірақ алты айдан аспайтын) орташа жалақысын өндіру туралы және жұмыстан шығару негізін өз еркімен жұмыстан шығу тұжырымдамасына өзгерту жөнінде шешім шығарумен шектелуі мүмкін.
Қызметкердің бұрынғы жұмысында қайта орналасу ұйымның таратылуына, жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметін тоқтатқанда мүмкін болмаған кезде сот жұмыстан шығаруды заңсыз деп таниды, тарату комиссиясын немесе ұйымның таратылуы туралы шешімді қабылдаған органды (егер тарату сот шешімімен іске асырылмаса), ал тиісті жағдайларда заңды мұрагерді амалсыз жұмысқа шықпаған, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа қызметкерге орташа жалақы төлеуді міндеттейді.
Есте сақтаған жөн, ҚР АПК-нің 243-б. 2)-т. сәйкес қызметкерге жалақыны, бiрақ үш айдан аспайтын жалақыны алып беру туралы шешiмдер дереу орындалуға тиiс. Сәйкесінше, амалсыз жұмысқа шықпаған уақытқа жалақы төлеумен жұмыстан шеттету туралы бұйрықты заңсыз деп таныған және күшін жойған кезде бұл бөліктегі шешім дереу орындалуға жатады (бірақ үш айдан артық емес).
Мәселен, Атырау қалалық сотының шешімімен А.Х.Х. «C.T.G.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талабы ішінара қанағаттандырылған болатын. Ол шығындарды басқаруға бақылау жөніндегі маман лауазымында қайта жұмысқа орналастырылған болатын, «C.T.G.» ЖШС-нен оның пайдасына 2793 500 теңге мөлшерінде 2015 жылдың 15 маусымынан бастап 2016 жылдың 18 наурызы бойынша амалсыз жұмысқа шықпаған уақытқа жалақы, 50 000 теңге моральдық зиянды өтеу есебіне, 31500 теңге іс бойынша іс жүргізумен байланысты шығындар, барлығы 2875500 теңге өндіріп алынған. 3 450 500 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу бөлігінде арыз талаптарын қанағаттандыруда сотпен бас тартылған. Жауапкерден мемлекеттің пайдасына 85 811 теңге мемлекеттік баж өндіріп алынған.
Сотпен анықталғандай, 2014 жылдың 17 ақпанынан бастап еңбек шарты негізінде талапкер А.Т.Х. шығындарды басқаруға бақылау жөніндегі маман ретінде жұмыс істеген. Оның арызының негізінде 2015 жылдың 13 мамырынан бастап 2015 жылдың 14 маусымы бойынша жалақының сақтауынсыз демалыс ұсынылған болатын, оның аяқталысымен ол белгіленген еңбек заңнамасының тәртібінде еңбек шартының бұзуын ресімдеусіз жұмысқа жіберілмеген. Жауапкер талапкердің жұмыстан шығарудың тиісті ресімделуінің дәйекті дәлелдемелері сотқа ұсынылған жоқ. Сот талапкерді жұмыс орнына жібермеген «C.T.G.» ЖШС-тің заңсыздығы туралы қорытындыға келді, осыған орай ол жұмысқа қайта орналастырған. Сонымен қатар сот 2015 жылдың 15 маусымынан бастап 2016 жылдың 18 наурызы бойынша 9 ай ішінде амалсыз жұмысқа шықпаған уақытқа жауапкерден 2793500 теңге жалақыны өндіріп алу туралы талапкердің талаптарын қанағаттандырған болатын.
Сот алқасы сот шешімін апелляциялық қайта қараған кезде келесіні анықтады, бірінші сатыдағы сот Еңбек Кодексінің 161-б. 1-б. белгіленген өндірілетін сома мөлшерінің шектелуін назарға алмады (2007 жылғы Еңбек Кодексінің 177-бабының 2-бөлігі). Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауысқан кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді. Осыған орай сот белгілеген талапкердің орташа айлық жалақының мөлшері - 277 500 теңгеден шыға отырып, жауапкерден талапкердің пайдасына амалсыз жұмысқа шықпаған уақытқа 1 665 000 теңгеге дейін өндірілген жалақы сомасының мөлшерін азайтып, алқа сот шешімін өзгертті. Моральдық зиян өтемақысын және сот шығындарын өндіріп алу туралы талапты қанағаттандыру бөлігіндегі сот шешімі шағымдалмаған, өзгеріссіз қалдырылды.
Еңбек Кодексі (114-бап) жұмыстың соңғы 12 күнтізбелік айға есептелетін амалсыз жұмысқа шықпаған уақытқа төлеу үшін орташа жалақының есеп айырысуын тура анықтаған. Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген жұмыскерлер үшін орташа жалақы нақты жұмыс істелген уақыт бойынша айқындалады. Егер жұмыскердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеудің өзге де кезеңдері көзделуі мүмкін. Орташа жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган оны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Орташа жалақыны есептеу дұрыстығы туралы дау туындаған кезде соттар Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау Министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 567 бекітілген бұйрығымен орташа жалақыны есептеудің Бірыңғай қағидаларын басшылық еткен дұрыс.
Еңбек Кодексімен еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетіні туралы қағида бекітілген.
Қызметкермен еңбек шартын бұзумен байланысты жалақы мен басқа төлемдердің төлемін кідірткені үшін жұмыс берушінің өсімпұл төлеу түріндегі мүліктік жауапкершілік көзделген.
Жаңа Еңбек Кодексінің 113-б. жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.
Сонымен қатар Еңбек Кодексімен қызметкердің бұрынғы жұмыста қайта дереу орналасу туралы сот шешімін уақытылы орындамағаны үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі белгіленген. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, сот жұмыскерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысындағы айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.
Әдетте, еңбек қатынастары бар болған кезде жұмыс беруші орташа жалақының мөлшерін тиісті анықтаманың берілуімен растаған. Жалақы мөлшерінің дәйекті мөлшерінің жоқтығы кезінде оның мөлшерін жұмыс берушінің өзге бастапқы есеп құжаттарынан анықтап алуға болады.
Егер жалақының мөлшерін анықтау дәйекті құжаттамалық анықтау мүмкін емес жағдайда, онда соттар Еңбек Кодексінің негізгі әлеуметтік міндет – еңбек құқық қатынастарының әлсіз жағы – қызметкердің мүдделерін қорғаудан шыға отырып, шешімдер қабылдаған жөн, бұл ретте минималды жалақының мөлшері заңнамалық деңгейде белгіленгенін ескерген дұрыс.
Бұрынғы жұмыстарында қайта орналасқан қызметкерлерге соттар амалсыз жұмысқа шықпаған уақытқа орташа жалақыны өндірген, бұл ретте материалдық құқық нормаларының қолданылуында қандай да бір қателер анықталмаған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
__C7FA~1
779 рет жүктеп алынды -
Решение о восстановлении на работе, взыскании заработной платы за время вынужденного прогула
787 рет жүктеп алынды -
___~1
779 рет жүктеп алынды -
_DA58~1
780 рет жүктеп алынды -
Решение суда о восстановлении на работе и взыскании заработной платы за время вынужденного прогула
785 рет жүктеп алынды -
___~2
785 рет жүктеп алынды -
____~1
797 рет жүктеп алынды -
Суд акт о восстановлении на работе и взыскании заработной платы за время вынужденного прогула
780 рет жүктеп алынды -
___~4
776 рет жүктеп алынды -
__9ED7~1
779 рет жүктеп алынды -
Суд акт о признании приказа незаконным, восстановлении на работе и оплаты за время вынужденного прогула
783 рет жүктеп алынды