Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған жағдайда еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
Өскемен қалалық соты Р.Ж.Р. «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не жұмысқа қайта орналастыру және шарасыздан жұмысқа шықпаған уақытқа жалақыны өндіріп алу туралы талапты қараған, ол келесідей негізделді, 2011 жылғы 18 сәуірдегі №100-л бұйрықпен ол Шығыс-Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Ана және бала орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ШЖҚ КМК) директорының лауазымына тағайындалған. 2016 жылғы 11 сәуірдегі №81-л бұйрықпен Еңбек Кодексінің 52-б. 1-т. 24-т. негізінде онымен еңбек шарты бұзылған. Бұйрықты даулай отырып, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 149-б. 1-т. 5-т. сәйкес, «Ана және бала орталығы» ШЖҚ КМК бақылау кеңесі туралы Қағиданың 7-т. 5-т. сай шаруа жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның бақылау кеңесі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың өкілетті органның (жергілікті атқару органның) ұсыныстары келісілетінін көрсетті. Алайда Денсаулық сақтау Басқармасы онымен еңбек шартын бұзуды келісу үшін бақылау кеңесіне жүгінбеген.
Еңбек шартын бұзғаннан кейін 2016 жылдың 12 сәуірінде бақылау кеңесі еңбек шартын бұзуға келісім бермеуге шешімді бір ауыздан қабылдады. Еңбек Кодексінің 30-б. 5-т. сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-б. 1-т. сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, осы баптың 1-т. 2)-т. төртінші бөлігінде көзделген шектеусіз, жыл сайын ұзартылуы мүмкін. Талапкер оның басшы ретінде жоғары кәсіби және білікті деңгейі туралы оның жетекшілігінде болған емдік мекеме 2015 жылы «Шығыс Қазақстан облысының ең үздік медициналық мекемесі атты атағын алғанында куәландырады, 2015 жылы жоғары санатты иемдеумен үш жылға аккредитациядан өтті. ШҚО бойынша денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы 23 ақпандағы №141 бұйрығымен орын басқан лауазымына аттестатталған, бала хирургиясы бойынша жоғары білікті санатқа ие. 2013 жылы Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласында ең үздік менеджер болып танылды».
Осындай жағдайларда Еңбек Кодексінің 30-б. 5-т. негізінде онымен еңбек шартының мерзімін ұзарту үшін жеткілікті негіздемелер бар деп санайды. Сонымен бірге еңбек шартының бұзылуы Еңбек Кодексінің 53-б. 9-т. бұзуда міндетті хабарламасыз, еңбек ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жүзеге асырылған. Сотттың шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды.
Сопен анықталғандай, 2016 жылдың 4 наурызында «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК-нің электронды мекенжайына зейнетақы жасқа келуіне байланысты Р.Ж.Рахимовамен еңбек шартын алдағы уақытта бұзу туралы хабарламасы келіп түсті. Одан кейін хабарламамен танысу туралы қол қою үшін 2016 жылдың 5 наурызында келумен «ШҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не телефон арқылы шақырылған болатын. Алайда Р.Ж.Рахимова мерекелерге орай салтанатты іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты 2016 жылдың 5 наурызында келе алмайтынын және 2016 жылдың 9 наурызында келетінін хабарлады. 2016 жылдың 9 наурызында Р.Ж.Рахимова хабарламамен танысудан бас тартты. Еңбек шартын алдағы уақытта бұзу туралы хабарламамен танысудан бас тартуына байланысты 2016 жылғы 9 наурыздағы №1 тиісті акті жасалған болатын.
Еңбек Кодексінің 52-б. 1-т. 24-т. сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-б. 1-т. белгіленген зейнеткерлік жасқа толған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
Еңбек Кодексінің 53-б. 9-т. сәйкес осы Кодекстің 52-б. 1-т. 24)-т. көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып, жұмыскер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-б. 1-т. белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін, еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай қалғанда жұмыскерді хабардар ете отырып жол беріледі.
Талапкердің жұмыс берушісі «ШҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ болып табылатындықтан, Р.Ж.Рахимова 2016 жылдың 29 сәуірінде бұйрықты заңсыз деп тану өтінішпен келісу комиссиясына жүгінген.
Талапкерге оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартылған болатын. Бас тарту Еңбек Кодексінің 159-б. сәйкес жеке еңбек даулары келісу комиссияларымен қаралатынымен уәжденген, ал шағын кәсіпкерлік субъектілерінен және заңды тұлғаның атқару органының басшыларынан басқа, реттелмеген мәселелер не болмаса келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша – соттар қарайды. Осыған орай, еңбек даулары заңды тұлғаның атқару органның басшыларымен келісу комиссияларымен қаралмайды.
Еңбек Кодексінің 140-б. 1,4-т. сәйкес атқарушы органның басшысымен еңбек шартын жасасу, оның еңбегіне ақы төлеу тәртібі мен шарттары, оны тәртіптік жауаптылыққа тарту, жұмыстан шеттету осы Кодекске, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, құрылтайшылар, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адам (орган) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органы бекітетін құжаттарға, заңды тұлғаның оқшауланған құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерге және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы актісіне құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен не олар бекітетін құжаттармен уәкілеттік берілген адам қол қояды.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 149-б. 1-т. 5-т. сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар, оның ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстарын келіседі.
Еңбек Кодексінде, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында да жұмыс берушінің зейнетақы жасқа келген адамдармен еңбек қатынастарын бұзуды сақтау міндеті көзделмеген.
Сонымен, заңмен белгіленген зейнетақы жасқа келген қызметкерді еңбек шартын алдағы уақытта бұзу туралы алдын ала хабарлау тәртібі талапкермен сақталған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
___~3
73 рет жүктеп алынды -
Шешім жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақысын өндіру
72 рет жүктеп алынды -
__6000~1
70 рет жүктеп алынды