Мәміленің нысаны сақталмай жасалған мәмілелер бойынша сатып алушылардың меншік құқығын тану туралы
Нормативтік- құқықтық база Қазақстан Республикасында меншік құқығын қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен (6, 25, 26- баптары),
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен(әрі қарай - АК) ,
Қазақстан Республикасының Жер кодексімен,
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен,
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 5 «Тұрғын үйге меншік құқығына қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1999 жылғы 9 шілде N 10 «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 3 «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» нормативтік қаулысымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 6 «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 «Соттардың мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін еріксіз иеліктен шығару жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысымен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 16 шілде 2007 жылғы «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» № 5 нормативтік қаулысының 3-тармағында мәміленің нысаны сақталмай, іс жүзінде жасалған мәміле куәлардың жауаптарынан басқа өзге де дәлелдермен (мысалы, тұрғын үйді сатып ақша алғаны туралы қолхатпен не иеліктен шығару құқығына берілген сенімхатпен) расталып, сатушының қайда екені белгісіз болған жағдайда, мүдделі тарап сатушыны жауапкер ретінде көрсетіп, мәмілені жарамды деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы, сот сатушының белгілі болған соңғы тұрған жері бойынша оған хабарлайды деп көрсетілген.
Мысалы, Жамбыл облысы Мерке аудандық сотының 22.05.2015 жылғы шешімімен талапкер А.Е.-нің жауапкер И.Д.-мен арадағы үйді сатусатып алу мәмілесін жарамды деп тану туралы талабы қанағаттандырылған. Істің мән-жайына қарағанда,талапкер 15.02.1999 жылы жауапкерден Мерке ауданы Сарымолдаев селосының Байғанаев көшесіндегі №1 үйді 300 000 теңгеге сатып алған. Жауапкер ақшаны алғаны туралы жазбаша қолхатын, үйге құқығын куәландыратын құжаттарын және үйді талапкердің иелігіне берген. Мәмілені нотариус арқылы рәсімдеуді ақшасының болмауына байланысты талапкер кейінге қалдырған. Үйді иеліне алғаннан бері отбасы мүшелерімен бірге ауыртпалықтарын көтеріп тұрып келеді. Кейіннен жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы белгісіз болғандықтан, үйді рәсімдей алмай қалған. Сот істі жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы белгісіз болуына байланысты АІЖК-нің 135-бабының 1-бөлігінің тәртібімен онсыз қараған.
АК-нің 154-бабының 2-бөлігіне сай егер нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілені тараптар немесе тараптардың бірі іс жүзінде орындаған болса, ол өзінің мазмұны жағынан заңдарға қайшы келмесе және үшінші жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот мүдделі тараптың арызы бойынша мәмілені жарамды деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмілені кейіннен нотариаттың куәландыруы талап етілмейді.
Тараптар сату-сатып алу мәмілесінің АК-нің 406-бабындағы талаптарын толық орындағандықтан, сот талап арызды толық қанағаттандырып, тараптар арасында жасалған үйді сату-сатып алу мәмілесін жарамды деп танып, заңды әрі негізді шешім қабылдаған.
Ал, 14.05.2015 жылы Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотының шешімімен талапкер В.П.-ның жауапкерлер А.С., Н.С., В.С.-ға пәтерге меншік құқығын тану туралы талабы жоғарыда көрсетілген заңнама талаптары ескерілмей қанағаттандырылған. Талапкер 18.10.1997 жылы Чайкино поселкесінің Геологтар көшесіндегі №5 үйдің 2 пәтерін жауапкерлерден сатып алып, тиісті түрде рәсімдеместен, отбасы мүшелерімен бірге тұрып келген. Жауапкерлердің мекен-жайы белгісіз болғандықтан, сот отырысында іс олардың қатысуынсыз АІЖК-нің 135- бабының 1-бөлігінің тәртібі сақтала отырып қаралған. Талапкер 1997 жылдан бері пәтерді адал, ашық және ұдайы иеленіп келе жатқандықтан, іс бойынша АК-нің 240-бабының 1-бөлігін негізге алып, иелену мерзімін қолданып пәтерге меншік құқығын тануға жатады деп сот тұжырымдаған.
Сондай-ақ, 20.02.2015 жылғы Павлодар қалалық сотының шешімімен талапкер Г.А.-ның жауапкерлер Павлодар қалалық әкімдігіне, В.Г.-ге қойған иелену мерзіміне сәйкес жер учаскесіне меншік құқығын тану туралы талабы қанағаттандырылған.
Г.А. 1996 жылы В.Г.-ден Павлодар қаласындағы ДЖД ауданының №3 учаскесінде орналасқан гаражды жер учаскесімен бірге ақшаға сатып алған. Жауапкер талапкерге ақшаны алғаны туралы жазбаша қолхат берген. Жауапкердің Қазақстан Республикасынан көшіп кетуіне байланысты талапкер жер учаскесін өз атына тіркете алмаған. Сот АК-нің 240 бабының 1- бөлігін басшылыққа алып иелену мерзімі өткен деп танып, жер учаскесіне талапкердің меншік құқығын таныған.
Соңғы көрсетілген екі іс бойынша тараптар арасындағы мәмілелер жарамды деп танылуға жататыны соттар тарапынан тыс қалып, соттар бірден талапкерлердің жылжымайтын мүліктерге меншік құқықтарын таныған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Решение суда о признании права собственности на квартиру в силу приобретательской давности
53 рет жүктеп алынды -
9853~1
54 рет жүктеп алынды -
Решение Суда о признании права собственности на самовольную постройку
55 рет жүктеп алынды -
Решение суда о признании право собственности на самовольную постройку
52 рет жүктеп алынды -
Судебное решение о признании права собственности на гаражи
52 рет жүктеп алынды -
Судебное решение о признании права собственности на самовольную постройку
56 рет жүктеп алынды -
Судебное решение о признании права собственности по приобретательной давности
55 рет жүктеп алынды