Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Мәміленің нысаны сақталмай жасалған мәмілелер бойынша сатып алушылардың меншік құқығын тану туралы

Мәміленің нысаны сақталмай жасалған мәмілелер бойынша сатып алушылардың меншік құқығын тану туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мәміленің нысаны сақталмай жасалған мәмілелер бойынша сатып алушылардың меншік құқығын тану туралы

      

Нормативтік- құқықтық база Қазақстан Республикасында меншік құқығын қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен (6, 25, 26- баптары),

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен(әрі қарай - АК) ,

Қазақстан Республикасының Жер кодексімен,

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен,

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 5 «Тұрғын үйге меншік құқығына қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1999 жылғы 9 шілде N 10 «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 3 «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» нормативтік қаулысымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 6 «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 «Соттардың мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін еріксіз иеліктен шығару жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 16 шілде 2007 жылғы «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» № 5 нормативтік қаулысының 3-тармағында мәміленің нысаны сақталмай, іс жүзінде жасалған мәміле куәлардың жауаптарынан басқа өзге де дәлелдермен (мысалы, тұрғын үйді сатып ақша алғаны туралы қолхатпен не иеліктен шығару құқығына берілген сенімхатпен) расталып, сатушының қайда екені белгісіз болған жағдайда, мүдделі тарап сатушыны жауапкер ретінде көрсетіп, мәмілені жарамды деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы, сот сатушының белгілі болған соңғы тұрған жері бойынша оған хабарлайды деп көрсетілген.

Мысалы, Жамбыл облысы Мерке аудандық сотының 22.05.2015 жылғы шешімімен талапкер А.Е.-нің жауапкер И.Д.-мен арадағы үйді сатусатып алу мәмілесін жарамды деп тану туралы талабы қанағаттандырылған. Істің мән-жайына қарағанда,талапкер 15.02.1999 жылы жауапкерден Мерке ауданы Сарымолдаев селосының Байғанаев көшесіндегі №1 үйді 300 000 теңгеге сатып алған. Жауапкер ақшаны алғаны туралы жазбаша қолхатын, үйге құқығын куәландыратын құжаттарын және үйді талапкердің иелігіне берген. Мәмілені нотариус арқылы рәсімдеуді ақшасының болмауына байланысты талапкер кейінге қалдырған. Үйді иеліне алғаннан бері отбасы мүшелерімен бірге ауыртпалықтарын көтеріп тұрып келеді. Кейіннен жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы белгісіз болғандықтан, үйді рәсімдей алмай қалған. Сот істі жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы белгісіз болуына байланысты АІЖК-нің 135-бабының 1-бөлігінің тәртібімен онсыз қараған.

АК-нің 154-бабының 2-бөлігіне сай егер нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілені тараптар немесе тараптардың бірі іс жүзінде орындаған болса, ол өзінің мазмұны жағынан заңдарға қайшы келмесе және үшінші жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот мүдделі тараптың арызы бойынша мәмілені жарамды деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмілені кейіннен нотариаттың куәландыруы талап етілмейді.

Тараптар сату-сатып алу мәмілесінің АК-нің 406-бабындағы талаптарын толық орындағандықтан, сот талап арызды толық қанағаттандырып, тараптар арасында жасалған үйді сату-сатып алу мәмілесін жарамды деп танып, заңды әрі негізді шешім қабылдаған.

Ал, 14.05.2015 жылы Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотының шешімімен талапкер В.П.-ның жауапкерлер А.С., Н.С., В.С.-ға пәтерге меншік құқығын тану туралы талабы жоғарыда көрсетілген заңнама талаптары ескерілмей қанағаттандырылған. Талапкер 18.10.1997 жылы Чайкино поселкесінің Геологтар көшесіндегі №5 үйдің 2 пәтерін жауапкерлерден сатып алып, тиісті түрде рәсімдеместен, отбасы мүшелерімен бірге тұрып келген. Жауапкерлердің мекен-жайы белгісіз болғандықтан, сот отырысында іс олардың қатысуынсыз АІЖК-нің 135- бабының 1-бөлігінің тәртібі сақтала отырып қаралған. Талапкер 1997 жылдан бері пәтерді адал, ашық және ұдайы иеленіп келе жатқандықтан, іс бойынша АК-нің 240-бабының 1-бөлігін негізге алып, иелену мерзімін қолданып пәтерге меншік құқығын тануға жатады деп сот тұжырымдаған.

Сондай-ақ, 20.02.2015 жылғы Павлодар қалалық сотының шешімімен талапкер Г.А.-ның жауапкерлер Павлодар қалалық әкімдігіне, В.Г.-ге қойған иелену мерзіміне сәйкес жер учаскесіне меншік құқығын тану туралы талабы қанағаттандырылған.

Г.А. 1996 жылы В.Г.-ден Павлодар қаласындағы ДЖД ауданының №3 учаскесінде орналасқан гаражды жер учаскесімен бірге ақшаға сатып алған. Жауапкер талапкерге ақшаны алғаны туралы жазбаша қолхат берген. Жауапкердің Қазақстан Республикасынан көшіп кетуіне байланысты талапкер жер учаскесін өз атына тіркете алмаған. Сот АК-нің 240 бабының 1- бөлігін басшылыққа алып иелену мерзімі өткен деп танып, жер учаскесіне талапкердің меншік құқығын таныған.

Соңғы көрсетілген екі іс бойынша тараптар арасындағы мәмілелер жарамды деп танылуға жататыны соттар тарапынан тыс қалып, соттар бірден талапкерлердің жылжымайтын мүліктерге меншік құқықтарын таныған.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу

Тұрғын үй құқықтық қатынастарына байланысты даулар, меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық ауыртпалықтармен басқа адамға беріледі

Тұрғын үй құқықтық қатынастарына байланысты даулар, меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық ауыртпалықтармен басқа адамға беріледіБ. сотқа "Алматы қаласының мемлекет...

Толық оқу »

Талап қоюшы салынған құрылысқа меншiк құқығын заңда көзделген тәртiппен оны пайдалануға қабылдау жолымен заңдастыруға құқылы

Талап қоюшы салынған құрылысқа меншiк құқығын заңда көзделген тәртiппен оны пайдалануға қабылдау жолымен заңдастыруға құқылыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы т...

Толық оқу »

Мүлікті тәркілеу Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Мүліктің қылмыстық сипаты дәлелденген жағдайда ғана ол қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін

Мүлікті тәркілеу Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Мүліктің қылмыстық сипаты дәлелденген жағдайда ғана ол қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде мемлекет кірісіне тә...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрылыстарға меншік құқығын тану және оларды пайдалануға беру.

Өз бетінше салынған құрылыстарға меншік құқығын тану және оларды пайдалануға беру.Талапкерлер пайдалануға беру актісін заңда белгіленген тәртіппен ресімдеуі, ал тиісті органда...

Толық оқу »

Мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жылжымайтын мүлкі ретінде адал ашық және үздіксіз иелік ететін азамат немесе заңды тұлға жеті жыл ішінде осы мүлікке меншік құқығын алады (сатып алу мерзімі).

Мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жылжымайтын мүлкі ретінде адал ашық және үздіксіз иелік ететін азамат немесе заңды тұлға жеті жыл ішінде осы мүлікке менші...

Толық оқу »

Талапкердің жарамсыз деп тану туралы талап арызын қайтарып алу тіркеу меншік құқығы

Талапкердің жарамсыз деп тану туралы талап арызын қайтарып алу тіркеу меншік құқығыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екенд...

Толық оқу »

Алматыда азаматтық даулар бойынша адвокат / меншік құқығын тану / сатып алу ескіру негіздері

Алматыда азаматтық даулар бойынша адвокат / меншік құқығын тану / сатып алу ескіру негіздеріСот алдын ала сот отырысында талап арыз бойынша азаматтық істі қарады, онда К. А. С...

Толық оқу »

Мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкіндей жеті жыл бойы адал ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.

Мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкіндей жеті жыл бойы адал ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын...

Толық оқу »

Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға меншік құқығы Құқықтық кадастрда тіркелген иесіз тұрғын үй

Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға меншік құқығы Құқықтық кадастрда тіркелген иесіз тұрғын үй1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында тұрғын үй қорын сақтау...

Толық оқу »

Алматыда өз бетінше тұрғызуға меншік құқығын тануға байланысты азаматтық істер бойынша заңгер.

Алматыда өз бетінше тұрғызуға меншік құқығын тануға байланысты азаматтық істер бойынша заңгер.Өз бетінше құрылыс салуға меншік құқығын тану жөніндегі қатынастарды реттейтін не...

Толық оқу »

968-бап. Айрықша құқық және меншiк құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

968-бап. Айрықша құқық және меншiк құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәт...

Толық оқу »

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды алмай өз бетінше тұрғызылған құрылысты бұзу

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды алмай өз бетінше тұрғызылған құрылысты бұзуӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi...

Толық оқу »