⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сотқа жүгінудің талап қою мерзімдері, қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу даулары бойынша

Сотқа жүгінудің талап қою мерзімдері, қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу даулары бойынша

Сотқа жүгінудің талап қою мерзімдері, қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу даулары бойынша

Сотқа жүгінудің талап қою мерзімдері, қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу даулары бойынша

 

Еңбек Кодексінің 160-б. сәйкес келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай;

2) басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл.

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Талап қою мерзімі даудағы тараптың арызы бойынша ғана қолданылуы мүмкін. Шешім шығарғанға дейін осындай арыздың жоқтығында дау мәні бойынша шешіледі, ал оның өткізілуі сотпен талқыланбайды. Бұл ретте Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №9 «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» (кейінгі өзгерістермен) нормативтік қаулысының 5-т. еңбек кодексінің 172- бабында қарастырылған мерзімдер дәлелді себептер бойынша өткізіп алынғаны белгілі болған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігіне ол туралы көрсетеді және дауды мәні бойынша шешеді деп түсіндірілген.

Егер сот талапкердің еңбек құқықтары бұзылды, алайда ол Еңбек Кодексімен көзделген жүгінудің мерзімін дәлелді себептерсіз өткізіп алғанын анықтайтын болса, онда сот шешімнің уәждеу бөлігінде бұл құқықтардың бұзылғаны туралы көрсетеді, және жүгіну мерзімін өткізіп алумен байланысты талаптан бас тартады.

Талап қою мерзімін өткізіп алу себептерінің дәлелділігін анықтау басты мәселе болып табылады. Еңбек Кодексі еңбек дауларына қатысты сотқа жүгіну мерзімін өткізудің дәлелді себептерінің түсінігін және тізімін анықтамады. Осыған орай талапкердің жеке басына (ауыр ауру, әлсіз күй, сауатсыздық және т.б.) байланысты мән-жайларды, ҚР АК-нің 185-б. көзделген осы мән-жайлар орын алған мерзімдерді және басқа да дәлелді себептерді ескерген жөн.

Сотқа жүгінгенге дейін талапкерлер еңбек даулары бойынша прокуратура немесе еңбекті қорғау жөніндегі өкілетті органдарға жүгінген кезде, одан кейін жүгіну мерзімін өткізіп алумен сотқа талап қояды, осы ретте бұл органдар өз құзыреті шегінде еңбек жанжалын шешу бойынша құқықтық шараларды қолданды, осындай жағдайларда мерзімді өткізіп алу себебін дәлелді деп тану дұрыс.

Талдау көрсеткендей, аталған мәселе судьяларда айырықша қиындықтарды тудырмайды.

Мәселен, Ақмола облысының Жарқайың аудандық соты Р.Б.С. «Жарқайың ауданының білім беру бөлімінің «Пәтигорск орта мектебі» ММ-не 2016 жылғы 27 ақпандағы № 8 жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру және шарасыздан жұмысқа шықпаған уақытқа жалақы төлеу туралы талапты қараған кезде бастауыш сыныптарының мұғалімі Р.Б.С. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 7/1 бұйрықпен жұмыстан шеттетілді, ал 2016 жылғы 27 ақпандағы № 8 бұйрықпен ол ҚР ЕК-нің 52-б. 1-т. 16-т. негізінде өзінің лауазымдық міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны үшін жұмыстан шығарылды. Талапкердің мектептің келісу комиссиясына арыз 2016 жылғы 28 шілдеде қараған және оны қанағаттандырудан бас тартылған. Бұл ретте комиссия талапкердің келісу комиссиясына жүгінудің себебі дәлелсіз деп санады, себебі жүгіну үшін мерзім өткізіп алынды. Р.Б.С. келісу комиссиясының бұл шешімімен келіспей, келісу комиссиясы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап екі айлық мерзім шегінде өз құқықтары мен бостандықтарын сот тарапынан қорғауға конституциялық құқығын іске асырып, Жарқайың аудандық сотына 2016 жылдың 8 тамызында жүгінді. Сот Сот мынадай қорытындыға келді, талапкер келісу комиссиясына жүгініп, істердің бұл санаты үшін заңмен белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтады және талаппен сотқа жүгіну үшін мерзімнің басталуы келісу комиссиясының шешім көшірмесін алған күннен бастап басталады. Сондықтан да талапкер осы талаппен сотқа жүгіну үшін талап қою мерзімін өткізіп алған жоқ.

 

Келесі мысалдан соттың жауапкер-жұмыс берушінің өтінішхаты бойынша талап қою мерзімін қолданғаны байқалады, осыған орай А.Д.Ж. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-не (бұдан әрі - ЖШС) жұмысқа қайта орналастыру және шарасыздан жұмысқа шықпаған уақытқа жалақыны өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылған болатын (Қарағанды облысының Жезқазған қалалық соты). Талапкер талапты 2005 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС - «Жезказганцветмет» ӨҰ филиалының байыту-өндірістік кешенінде кептіруші ретінде жұмыс істегенімен негіздеген. 2014 жылғы 27 маусымдағы №1375к бұйрықпен онымен еңбек шарты бұзылған, негіздеме ол жазбаған және қол қоймаған 2014 жылғы 16 маусымдағы арыз болып табылады.

Сотпен анықталғандай, 2014 жылғы 27 маусымдағы №1375к бұйрықпен А.Д.Ж. еңбек шарты 2014 жылдың 16 маусымынан бастап Еңбек Кодексінің (2007 ж.) 54-б. 1-т. 17-т. сәйкес тараптардың келісімі бойынша (мүгедектік бойынша) бұзылған, негіздеме: жеке арыз, 2 топтағы мүгедектік туралы анықтама. 2014 жылдың 25 ақпанынан бастап 2014 жылдың 15 маусым кезеңіне дейін талапкер уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты жұмыста жоқ болды.

Талапкер шолу үшін ұсынған еңбек кітапшасында Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 54-б. 1-т. 17-т. сәйкес талаптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу туралы жазба бар (екінші топтағы мүгедектікке кетуіне байланысты).

Сот отырысында талапкер Т-2 нысанды жеке парақтағы оның қолтаңбасының түпнұсқалығын, 2014 жылғы 27 маусымдағы №1375к жұмыстан шығару туралы бұйрықпен танысқанын, еңбек кітапшасын бергенін теріске шығармады. Сондай-ақ еңбек кітапшасын жеке өзі алғанын теріске шығармады.

Зерттелген дәлелдемелердің талдауы талапкердің барлық әрекеттері оның еркін білдірумен сай келетіні туралы қорытынды шығаруға негіздеме береді. 2014 жылғы 27 маусымдағы жұмыстан шығару туралы бұйрықпен А.Д.Жугинисова қол қойып танысты, еңбек кітапшасын жеке өзі алып кетті.

Сонымен қатар жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзатын және жұмыстан шығарудың негіздемесі деп Еңбек Кодексінің 54-б. 1-т. 17-т. деп көрсететін бұйрыққа сот баға берді. Еңбек Кодексінің 54-б. 1-т. 17-т. сәйкес қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Негіздеме – жеке арыз, мүгедектік туралы анықтама, бұның өзі дұрыс болып табылмайды. Сот осы жазбаның дұрыс еместігі даудың мәніне әсер етпейді деген қорытындыға келді, себебі еңбек шартының бұзылуы қызметкердің өз еркін білдіруімен болды. Еңбек заңнамасының аталған бабы бойынша еңбек шартын бұзу үшін осы өтініштің бар болуы маңызды емес.

Сонымен бірге талапкер талап қою мерзімін өткізіп алған, себебі Еңбек Кодексінің 170,172-б. сәйкес еңбек шартының тараптары өз таңдауы бойынша еңбек дауын шешу үшін жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде тікелей сотқа жүгіне алады. Талапкер жұмыстан шығару туралы бұйрықты 2014 жылдың 27 маусымында алды. Заңмен белгіленген мерзімде жұмыстан шығару заңдылығын талапкер дауламаған.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу