Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару

Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару

Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару

Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотына талапкерлер У.А., У.А.Р. жауапкер Г.П.К. тұрғын жайдан еріксіз шығаруды сұранған. 02.02.2015 жылғы Еңбекші аудандық сотының шешіммен талап қанағаттандырылған. Жауапкер К.Гулдар Примхановна барлық отбасыларымен бірге басқа тұрғын жай ұсынбастан Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қ.С. көшесі №1/1/29 үй №6 пәтерінен шығарылып, жауапкерге Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қ.Сарымолдаев көшесі №1/1/29 үй №6 пәтерді өзге тұлғаларға өткізбеу – міндеттелген.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 16.04.2015 жылғы қаулысымен Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 02.02.2015 жылғы шешімі өзгертіліп, шешімнің талапкерлер У.А. мен У.Р. Шымкент қаласы Сарымолдаев көшесі № 1/1/29-шы үйдегі № 6-шы пәтерін басқа тұлғаға өткізбеуді жауапкер Г.К. міндеттеген бөлігінің күші жойылған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес, меншік құқығы дегеніміз, субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленеу, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Қазақстан Республикасы АК-нің 260-бабының, 264-бабының талаптарына сәйкес, меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы, меншік иесі, өз құқықтарының бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 30- бабының талабына сәйкес, талапкер өзіне тиесілі мүліктен өзгені шығару туралы талап қоюға құқылы.

Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 219-бабының 2-бөлігінің талабына сәйкес, сот істі талап қоюшы талаптардың шегінде шешеді. Алайда, бірінші сатыдағы сот шешімнің қорытынды бөлігінде жауапкерді даулы пәтерді басқа тұлғаға өткізбеуге міндеттеген, яғни, талапкер ондай талапты қоймаған болса да, талаптың шегінен шығып, талаптағы жоқ мәселені қарастырып шешкен.

Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 65-бабының, 218-бабының 2- бөлігінің талаптарына сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс; сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздеуі қажет. Шымкент қаласының Абай аудандық сотына талапкер Н.А.Х. жауапкер Д.О.Х. тұрғын үйден басқа үй жай берместен шығару туралы талаппен жүгінген.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының Абай аудандық сотының 30.03.2015 жылғы шешіммен талапкердің талап арызы қанағаттандырылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының ұйғарымымен Абай аудандық сотының шешімінің күші жойылып, алқаның 14.05.2015 жылғы шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылған. Алқада, талапкер Н.А.Х. пен жауапкер Д.О.Хайдарова 14.09.1991 жылдан 09.12.2011 жылға дейін заңды некеде тұрғаны, осы некеден 02.05.1994 жылы туылған А.Диана, 15.12.2000 жылы туылған Абдухаким Дастан, 31.01.2004 жылы туылған Х.Арапбек атты ұл-қыздары бар екендігі анықталған. 22.02.2005 жылғы №986 санымен тіркелген сатып алу-сату келісім шартына сәйкес, Н.А.Х. жұбайы Д.Х. келісімімен Ж.Е.Б. Шымкент қаласы, Тельман бөлімшесі, Низами көшесі №73, үйді жер телімін 8 645 000 теңгеге «АТФ Банк» АҚ-ның Шымкенттегі филиалымен 01.03.2005 жылы түзілген № КР120-2005 санды келісім-шарт бойынша несие ақшаға сатып алған.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 09.12.2011 жылғы шешіммен тараптар арасындағы 04.09.1991 жылы некелер бұзылған. Аталған даулы тұрғын үй тараптардың ортақ меншігі болып табылатынына бірінші сатылы сот баға бермеген. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар бірінші сатылы сотпен анықталмаған, бұл даулы тұрғын үйді жер телімімен тараптар некеде болған кезде алғанын анықтамай жатып, талап арызды қанағаттандыру жайлы қате тұжырым жасаған.

Қазақстан Республикасы АК-нің 223-бабының 1,4-тармақтарының талаптарына сәйкес, ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi, егер бұл мүлiк ерлi-зайыптылардың үлестi меншiгi болатыны, не олардың әрқайсысына тиесiлi немесе меншiк құқығында тиiстi бөлiктерде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi екенi, олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып табылады.

Қазақстан Республикасы неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 33-бабының 1,3-тармақтарының негізінде ерлi - зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлік олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіне құқық некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады.

Ал осы Кодекстің 34-бабында ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылатыны белгіленген.

Аталған Кодекстің 38-бабында егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.